Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту
31.03.2026
Осы сектор құрылымында әйелдердің кәсіпкерлік қызметке араласуы маңызды рөл атқарады. Мысалы, (2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) жалпы ел бойынша жұмыс істейтін 2 071 мың ШОК субъектілерінің 1 024 мың (49,5%) [2] субъектісін әйелдер басқарады, бұл әйелдердің бизнеске жоғары деңгейде араласуын және олардың елдің кәсіпкерлік ортасы мен экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 млн адамды құрады [3], оның 1,54 млн-ға жуығы әйелдер басқаратын кәсіпорындарда жұмыс істейді, бұл ШОК секторындағы жалпы жұмыспен қамтылудың шамамен 34%-не сәйкес келеді. Әйелдер ШОК дамуына айтарлықтай үлес қосқанымен, олардың 2024 жылғы кәсіпкерлік белсенділігі әлі де негізінен ЖК және шағын бизнес форматында шоғырланған, ал неғұрлым тұрақты және ауқымды компанияларға қатысу шектеулі болып отыр. Бұл басқарушылық қатысу құрылымында да көрінеді: басшы әйелдердің ең жоғары үлесі орта кәсіпорындарға (34,3%) [4] және шағын бизнеске (29,0%) тиесілі, ал ірі бизнесте бұл көрсеткіш 19,1%-тен төмен.
Сонымен қатар, ШОК басшылары арасында әйелдердің жоғары үлесі бар шектеулердің сипатын бағалауға мүмкіндік бермейді. Оларды анықтау үшін кәсіпкерлікте ерлер мен әйелдердің салалық бөлінісін салыстырмалы талдау қажет (1-сурет).
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша автор жасаған [2].
Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Қазақстан кәсіпкерлігіндегі гендерлік айырмашылықтар негізінен салалық сипатқа ие. Әйелдер негізінінен саудада, білім беруде, денсаулық сақтауда және қызмет көрсету саласында шоғырланған, ал ерлер құрылыс, көлік, өнеркәсіп және ақпараттық-коммуникациялық салаларда басымдыққа ие. Өсу мен масштабтаудың жоғары әлеуетімен сипатталатын қаржыны қажет ететін және технологиялық тұрғыдан күрделі қызмет түрлерінде әйелдер позицияларының төмендігі байқалады. Негізгі шектеулер әйелдерді кәсіпкерлікке тартумен емес, олардың бизнестің кеңеюі мен ұзақ мерзімді экономикалық әсерді қамтамасыз ететін сегменттерге қатысуының әлсіздігімен байланысты. Бизнестің шағын сегментте шоғырлануы Қазақстанның ШОК құрылымының жалпы ерекшелігін байқатады. Алайда, әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігі негізінен қаржыны аз қажет ететін қызмет түрлерінде шоғырланғанымен байланысты бұл ерекшелік күштірек көрінеді. Қаржы ресурстарға қол жетімділіктің шектелуі ШОК дамуының жүйелі шектелуі ретінде ерлер мен әйелдерге әсер етеді. Алайда, кәсіпкер әйелдер үшін бұл тосқауыл анағұрлым айқын сипатқа ие, өйткені олар көбінесе микро және шағын бизнесте шоғырланған, мүліктік базасы аз және қаржыны көп қажет ететін қызмет түрлеріне араласуы әлсіз. Нәтижесінде ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтар кедергілердің болуында емес, олардың бизнестің өсу, ірілендіру және қаржылық тұрақтылық мүмкіндіктеріне әсер ету ауқымынан көрінеді [5].
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы 2000 жылдардың басында басталды. Мысалы, 2000 жылы [6] «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1345 Қаулысы қабылданды, оған мемлекеттік деңгейде алғаш рет әйелдер басқаратын бизнесті қолдауға бағытталған арнайы қаржы құралдары көзделген. Бұл құжаттың қабылдануы тек әлеуметтік қолдау шеңберінен тыс экономикалық саясаттың дербес бағыты ретінде әйелдер кәсіпкерлігінің институционалды түрде бекітілуін қамтамасыз етті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Кәсіпкер әйел» мамандандырылған шарасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл шара негізінен консультациялық, ақпараттық және сервистік сипатта болады және жеке қаржы құралдарын көздемей, кәсіпкер әйелдерді институционалдық сүйемелдеу функциясын орындайды. Әйелдер бизнесін қолдаудың тағы бір маңызды бағдарламасы – She’s Next. Halyk Bank-пен стратегиялық серіктестікте әлемдік алпауыт Visa-дан Empowered by Visa. Бұл бастама Қазақстанда 2021 жылдан бері жұмыс істейді [8].
2025
жылы [9] She’s Next бастамасы әйелдер
кәсіпкерлігіндегі цифрлық сектордың
өсіп келе жатқан рөлін көрсететін және
дәстүрлі тауашалардан тыс жобаларды
масштабтау үшін қосымша мүмкіндіктер
жасайтын жеке IT-бизнес санатын қосу
үшін қатысу форматын кеңейтті. Гранттық
қолдаудан басқа, қатысушыларға бизнестегі
әйелдердің үлесі 50%-тен асқан жағдайда,
Halyk Bank-тен
30 млн теңгеге дейін жылдық 9% мөлшерлемемен
60 айға дейін мерзімге жеңілдікті
кредиттеуге қолжетімділік беріледі.
2018 жылдан бастап осы бағдарлама шеңберінде қаржыландырудың осындай ерекше шарттарын 630-дан астам кәсіпкер әйел пайдаланды. Әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдаудың нысаналы бастамаларының бірі 2024 жылдан бастап «Даму» қоры іске асырып келе жатқан «Үміт» бағдарламасы [10]. Бұл бағдарлама кәсіпкер әйелдердің ұзақ мерзімді қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге және экономиканың шикізаттық емес секторларында бизнестің дамуын ынталандыруға бағытталған. ЕҚДБ қолдауы негізінен қаржылық – экономикалық сипатқа ие және әйелдер бизнесі өсуінің қаржыландыруға қол жетімділіктің шектелуі, ұзақ мерзімді ресурстардың тапшылығы және басқару құзыреттерінің жетіспеушілігі сияқты құрылымдық шектеулерін жоюға бағытталған. Бағдарлама серіктестік қаржы институттары арқылы несиелеуді кәсіпкерлерге көрсетілетін консультациялық және техникалық қолдаумен біріктіреді.
Осылайша, Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі - жұмыспен қамтуға, қызмет көрсету саласын дамытуға және халықтың экономикалық белсенділігіне елеулі үлес қосатын кәсіпкерлік сектордың маңызды және тұрақты кеңейіп келе жатқан сегменті. 2024-2025 жылдардағы жағдай бойынша әйелдер жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жартысына жуығын басқарады және осы сектордағы жұмыспен қамтудың үштен бірінен астам көлемін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласындағы әйелдер бизнесінің салалық шоғырлануы және әйелдердің ірі мен капиталды көп қажет ететін кәсіпкерлікте жеткіліксіз ұсынылуы сақталады. Елде осы бағытты нормативтік бекітуді, мамандандырылған қаржылық емес сүйемелдеу шараларын, оның ішінде «Кәсіпкер әйел» бастамасын, сондай-ақ «Үміт» бағдарламасын қоса алғанда, нысаналы қаржы құралдарын қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың институционалдық жүйесі қалыптасты. Алайда, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамыту қолданыстағы қолдау шараларының сақталуын ғана емес, сонымен қатар олардың қаржыландыруға, іскерлік желілерге, тәлімгерлік тетіктеріне және экономиканың неғұрлым өнімді сегменттеріне шектеулі қолжетімділікті қоса алғанда, құрылымдық кедергілерді жоюға неғұрлым нақты бағдарлануын талап етеді. Мұндай жағдайларда мемлекеттік саясаттың басымдығы әйелдердің кәсіпкерлікке қатысуын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әйелдер бизнесінің сапалы өсуі үшін жағдай жасау болуы тиіс. Бұл қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыруды, білім беру және консультациялық тетіктерді дамытуды, сондай-ақ әйелдердің неғұрлым технологиялық, қаржыны қажет ететін және орнықты экономикалық қызмет түрлеріне шығуын ынталандыруды көздейді. Мұндай тәсіл әйелдер кәсіпкерлігінің экономикалық рөлін күшейтуге, оның экономиканы әртараптандыруға қосқан үлесін кеңейтуге және бір мезгілде сақталып отырған гендерлік сәйкессіздіктерді қысқартуға мүмкіндік береді.
Нұршат
Шахзатхан Бәсекелес ортаны зерттеу
орталығының сарапшысы
Пайдаланылған
дереккөздер тізімі
Қарау саны: 37 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|