Бүгін Экономикалық зерттеулер институтында Қырғызстан мен Өзбекстанның сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің басын қосқан «Орталық Азиядағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті.
Институттың
Басқарма төрағасы Біржан Баткеев
іс-шараны бастап, жергілікті өзін-өзі
басқаруды тұрақты өңірлік дамудың және
халықтың өмір сүру сапасын арттырудың
негізгі элементі ретінде дамытудың
маңыздылығын атап өтті. Ол елдер арасында
тәжірибемен алмасу тиімді шешімдер
әзірлеуге және үздік практикаларды
енгізуге ықпал ететінін айтты.
Кездесу
аясында Экономикалық зерттеулер
институтының өкілдері және Қырғызстан
мен Өзбекстан өкілдері сараптамалық
баяндамалар жасады.
Сараптама
орталығының директоры Карина Тен негізгі
институционалдық өзгерістерді белгілей
отырып, Қазақстандағы жергілікті
өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайы
мен даму бағыттарына шолу жасады.
Өзбекстан
махаллалар қауымдастығы төрағасының
орынбасары Долли Аллаев махалла
институттарының өңірлік дамудағы рөлі
туралы айтып, олардың жергілікті деңгейде
әлеуметтік тұрақтылық пен халықпен
өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі
маңыздылығын атап өтті.
Өңірлік
зерттеулер және өмір сапасы орталығының
директоры Нұрболат Құрметұлы өз
баяндамасында ауылдық аумақтарды дамыту
саясатының мәселелеріне тоқталды.
Жұмыс
кездесуіне сондай-ақ «Даму саясаты
институты» АҚ Басқарма төрағасы Надежда
Добрецова (Қырғызстан), «Даму саясаты
институты» АҚ үйлестірушісі Улара
Нарусбаева (Қырғызстан), «Даму саясаты
институты» АҚ-ның Өзбекстандағы өкілі
Малика Инакова, Өзбекстан махаллалар
қауымдастығының халықаралық бөлімінің
өкілі Арабхон Файзуллаев, Аршалы аудандық
мәслихатының депутаты Қайыргелді
Сәбиев, Целиноград аудандық мәслихатының
депутаты Ләззат Қонарбаева, Аршалы
ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаев,
Елтоқ ауылдық округінің әкімі Тыныштық
Қыдырбаева (Аршалы ауданы) қатысты.
Пікірталас
барысында қатысушылар жергілікті
өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі
сын-қатерлері мен перспективалары
бойынша пікірмен алмасты, өңірлік
саясаттың тиімділігін арттыру және
зерттеу ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты
кеңейту мәселелерін талқылады.
Мұндай
іс-шараларды өткізу сараптамалық
диалогты нығайтуға, халықаралық өзара
іс-қимылды дамытуға және Қазақстан мен
жалпы Орталық Азия өңірінде жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге
кешенді тәсілдерді қалыптастыруға
ықпал етеді.
