2026 жылғы наурыз айындағы өңірлік инфляция

01.04.2026

2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция ақпан айындағы 11,7%-пен салыстырғанда 11%-ке дейін төмендеді. Төменде ел өңірлері бойынша бағаның өсуіне талдау жасалған.

Жылдық мәнде бағаның ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан (13,5%), Ұлытау (12,9%), Ақмола (12,2%) және Атырау (12,2%) облыстарында байқалады.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың көпшілігінде 2026 жылы инфляция деңгейі 2025 жылғы көрсеткіштен асып түсті, алайда жекелеген өңірлерде оның төмендеуі байқалды. Солтүстік Қазақстан облысында инфляция көрсеткішінің 10%-тен 13,5%-ке дейін ерекше өсімі байқалды. Инфляцияның ең төменгі деңгейі Астана қаласында (9,3%), Қарағанды облысында (9,6%) және Алматы қаласында (10,6%) тіркелді. Инфляцияның 13,3%-тен 9,3%-ке дейін 4 тармаққа ең қатты төмендеуі Астана қаласында байқалды.



Қарау саны: 30
Сақталған: 01.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!