Наурыз айында жылдық мәндегі тұтынушылық инфляция - 11,0%. Азық-түлік жыл ішінде 11,7%-ке ұлғайып негізгі өсім көрсетті.
2026
жылдың наурыз айында елдегі инфляция:
-
2025 жылғы наурызға қатысты 11,0%
(өткен
айда 11,7%);
-
2026 жылғы ақпанға қатысты 0,6%
(өткен
айда 1,1%).
Жылдық
мәнде:
-
азық-түлік бағасы 11,7%-ке
(0,7%
а/а)
өсті;
-
азық-түлік емес тауарлардың бағасы
11,3%-ке
(0,5%
а/а) өсті;
-
ақылы қызметтердің бағасы 10,0% - ке
(0,6%
а/а)
қымбаттады.
Инфляция
қарқынына 44,3% мөлшерінде азық-түлік
негізгі үлес қосады (яғни жалпы инфляцияның
11,0%-нен 4,87 п.т. азық-түлікке тиесілі).
2025 жылғы наурызбен салыстырғанда
азық-түлік үлесі 12,9 п.т. (31,4%-тен 44,3%-ке
дейін) ұлғайды. Бұл ретте, өткен аймен
салыстырғанда ол 45,6%-тен 44,3%-ке дейін
1,4 п.т. төмендеді.
2025
жылы ең көп үлес қосқан ақылы қызметтердің
үлесі ағымдағы жылы 27,9%-ке жетті. 2025
жылғы наурызбен салыстырғанда олардың
инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі
41,5%-тен 27,9%-ке дейін 13,6 п.т-ға төмендеді.
Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда
ол 27,4%-тен 27,9%-ке дейін 0,5 п.т-ға ұлғайды.
Азық-түлік
емес тауарлардың үлесі 2025 жылғы наурыздағы
26,9%-тен 2026 жылғы наурызда 28,3%-ке дейін
аздап өсті. Сондай-ақ, өткен аймен
салыстырғанда 27,4%-тен 28,3%-ке дейін 0,9
п.т-ға өсім байқалды.
ж / ж – өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда ағымдағы айда бағаның өзгеруі – жылдық инфляция.
Азық-түлік
арасында бір
жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:
Ет
және құс еті-18,4%;
Алкогольсіз
сусындар – 17,0%;
Шұжық,
ет өнімдері – 17,0%;
Ашытылған
сүт өнімдері – 14,3%;
Ірімшік
және сүзбе-13,1%;
Май
мен тоң май-12,3%;
Сүт-11,0%;
Жұмыртқа–
10,1%;
Жемістер,
жидектер және жаңғақтар-9,3%;
Нан
және нан-тоқаш өнімі-8,3%.
Көкөніске
жылдық бағаның 10,2%-ке төмендеуі
тіркелді.
Келесі
тауарлардың бағасы төмендеді:
- қарақұмық жармасы-1,2% (а/а)
- шоколадпен қапталған кәмпиттер-0,9%
(а/а)
Азық-түлік
емес тауарлар
арасында ең қатты қымбаттаған тауарлар:
бензин – 16,1%, жеке пайдаланылатын
тауарлар – 12,5%, аяқ киім – 11,6%, киім –
10,1%, жуғыш заттар -10,0%.
Ақылы
қызметтер
саласында келесі қызметтердің бағасы
қымбаттады:
- тарату желілері арқылы тасымалданатын
газ – 16,7%
- тұрғын үйді жалға алу – 12,6%
- тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету,
жөндеу және қауіпсіздікті қамтамасыз
ету-10,3%
- тұрғын
үйді күтіп-ұстау және қызмет көрсету-6.0%