Атырау облысы бюджетінің 2022-2025 жылғы әлеуметтік сала шығындары

02.04.2026

2022-2025 жылдары Атырау облысы бюджетінің әлеуметтік салаға шығындары жалпы бюджеттік шығындардың орта есеппен 35,5%-не тең. Қарастырылып отырған кезеңде олардың көлемі 2022 жылғы 190,7 млрд теңгеден (барлық шығындардың 29,4%) 2025 жылы 360,0 млрд теңгеге (барлық шығындардың 38,0%) дейін 1,9 есе ұлғайды.

Аталған кезеңдегі әлеуметтік шығындардың негізгі бағыты білім беру саласы, оған әлеуметтік сала қаражатының 72,5%-і тиесілі. Осы саланы қаржыландыру көлемі 2022 жылғы 145,4 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 76,3%) 2025 жылы 245,6 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 68,2%) дейін 68,9%-ке ұлғайды.

Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті дамытуға әлеуметтік шығындардың орта есеппен 13,0%-і тиесілі. 2022-2025 жылдары бұл бағыттың қаржыландырылуы 21,3 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 11,2%) 58,4 млрд теңгеге дейін (әлеуметтік шығындардың 16,2%) 2,7 есе ұлғайды. 2024-2025 жылдары өңірде мәдени инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шаралар іске асырылды: 5 мәдениет үйі салынды және іске қосылды, балалар кітапханасына күрделі жөндеу жүргізілді, саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 0,5 млрд теңге жұмсалды. Спорт ғимараттарының саны 164-ке өсіп, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық үлесінің өсуіне ықпал етеді (44,0%-ке дейін).

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру шығындары әлеуметтік сала бюджетінің шамамен 8,4%-не жетті. Талданып отырған кезеңде олардың көлемі 13,2 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 6,9%) 33,1 млрд теңгеге дейін (әлеуметтік шығындардың 9,2%) 2,5 есе ұлғайды. 2022-2025 жылдары халықты жұмыспен қамтылуын кеңейту және жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар іске асырылды, оның шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына бюджет қаражаты есебінен 31 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Денсаулық сақтау саласына әлеуметтік шығындардың ең аз үлесі тиесілі: орта есеппен 6,2%. 2022-2025 жылдар аралығында бұл саланы қаржыландыру 10,8 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 5,6%) 22,8 млрд теңгеге дейін (әлеуметтік шығындардың 6,3%) 2,1 есе өсті. 2025 жылы ана мен бала өлімін азайту мақсатында Атырау облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» жобасын іске қосуды, Ұрықты қорғау орталығын, неонаталдық хирургия бөлімшесін, «Салауатты ана» пансионатын және әйелдер консультациясын ашуды қоса алғанда, бірқатар іс-шаралар іске асырылып, перинаталдық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

Осылайша, бюджеттің әлеуметтік шығыстарының жалпы құрылымдағы үлесінің өсуі өңірдің әлеуметтік саясатының маңыздылығының артқанын көрсетеді. Мәдениет, спорт және әлеуметтік қолдауды қаржыландырудың бір мезгілде озық өсуімен білім беру секторы негізгі үлесті қамтамасыз етіп, адами капитал сапасы мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.



Қарау саны: 28
Сақталған: 02.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!