Шығыс Қазақстан облысы бюджетінің 2022-2025 жылғы әлеуметтік сала шығындары

09.04.2026

Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік салаға шығындары 2022-2025 жылдары облыс бюджетінің барлық шығындарының орта есеппен 51,0%-не тең. Олар 2022 жылғы 206,8 млрд теңгеден 2025 жылы 329,2 млрд теңгеге дейін 59,2%-ке ұлғайды.

Шығыс Қазақстан облысы бюджетінің 2022-2025 жылдардағы әлеуметтік шығыстарының жартысынан астамы - орта есеппен 68,8%-ке тең білім беру шығындары. Талданып отырған кезеңде саланы қаржыландыру 140,3 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 67,8%) 218,7 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 66,4%) дейін 55,8%-ке өсті. 2022-2025 жылдары өңірде білім беру ортасының сапасын және мектептерді материалдық-техникалық жарақтандыруды арттыруға бағытталған білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілді. 6 білім беру нысаны салынды, 100-ден астам мектеп жаңғыртылды, мектептердің пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілуі 81,3%-тен 91,7%-ке дейін ұлғайды, 145 оқу кабинеті сатып алынды.

Орта есеппен 10,6%-ке тең денсаулық сақтау шығындары 2022 жылғы 25,2 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 12,2%) 2025 жылы 38,7 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 11,8%) дейін 53,4%-ке ұлғайды. Өңірде көрсетілген кезеңде медициналық инфрақұрылымды дамыту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылды: 36 медициналық мекеме салынды, 33 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді, 786 медициналық жабдық сатып алынды, медицина қызметкерлерін оқыту, оның ішінде 104 маманның шетелде даярлықтан өтуі қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік сала шығындарының 10,6%-не ие. Қаржыландыру көлемі 2022 жылғы 21,2 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 10,2%) 2025 жылы 34,3 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 10,4%) дейін 61,9%-ке ұлғайды. 2022-2025 жылдары өңірде халықтың табысын арттыруға және кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары іске асырылды. 1411 өтеусіз грант беріліп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 15,0 мың адамнан 5,5 мың адамға дейін қысқартуға ықпал етті.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына барлық әлеуметтік шығындардың 10,0%-і тиесілі. Олар 20,1 млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардың 9,7%) 37,5 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 11,4%) дейін 86,6%-ке ұлғайды. 2022-2025 жылдары өңірде мәдени және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шаралар іске асырылды: 1 ауылдық клуб салынды, 6 тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қоса алғанда, 40 мәдениет объектісіне жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 57 спорт нысаны салынып, іске қосылды. Бір мезгілде туристік саланың дамуы байқалады: ішкі туристер саны 342,5 мың адамнан 351,7 мың адамға дейін, орналастыру орындарының саны 320-дан 334-ке дейін, туристік қызметтер көлемі 4,9 млрд теңгеден 5,9 млрд теңгеге дейін, ал туристік салаға инвестициялар 10,9 млрд теңгеден 12,3 млрд теңгеге дейін өсті.

Осылайша, әлеуметтік шығыстар көлемінің ұлғаюы және құрылымының әртараптандырылуы адами капитал мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың басымдығын растап, халықтың өмір сүру сапасын тұрақты арттыруға және өңірдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды.



Қарау саны: 23
Сақталған: 09.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!