Экономикалық зерттеулер институтының қызметкерлері парниктік газдар шығарындыларын болжау бойынша тренингке қатысты

13.04.2026

2026 жылғы 6-10 сәуір аралығында Экономикалық зерттеулер институтының Климаттың өзгеруі орталығының қызметкерлері (Қашқынбекова Г., Бақтиярқызы А.) және Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының қызметкері (Оспанов Ә.) «Парниктік газдар шығарындыларының болжамдарын кеңейтілген транспаренттілік шеңберінде әзірлеу: әдіснама, салалық тәсілдер және модельдеу құралдары» тақырыбындағы оқыту тренингіне қатысты.

Тренингті Қазақстанның өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы «ECOJER»-дің бас директоры Рустам Қабжанов ашты.

Іс-шара модераторы ретінде «ECOJER» қауымдастығының жоба менеджері Сырым Нұрғалиев болды.

Тренинг спикерлері – халықаралық сарапшы, әдіснама жөніндегі үйлестіруші Ольга Гаврилова және ЮНЕП-тің Копенгаген климат орталығының ғалымы (энергетика бағыты) Айымгүл Керімрай.

Тренинг барысында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының болжамдарын әзірлеу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, әдіснамалық тәсілдер, салалық ерекшеліктер және LEAP моделімен практикалық жұмыс қамтылды.

Қатысушылар болжам әзірлеудің негізгі аспектілерін, соның ішінде сценарийлер қалыптастыруды, іске асырылып жатқан саясаттар мен шараларды есепке алуды, деректер сапасын қамтамасыз етуді, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында модельдеу құралдарын қолдануды меңгерді.



Қарау саны: 30
Сақталған: 13.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!