Қазақстандағы фискалдық орталықсыздандыру: Экономикалық зерттеулер институтының Азия даму банкі есебінің таныстырылымына қатысуы

15.04.2026

Экономикалық зерттеулер институтының Басқарма төрағасы Біржан Баткеев Астанада Азия даму банкі ұйымдастырған фискалдық орталықсыздандыру бойынша есептің таныстырылымына қатысты.

Институт басшысы жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін арттыру, оның ішінде фискалдық орталықсыздандыру және Қазақстандағы өңірлік дамуды теңестіру мәселелері талқыланған панельдік пікірталаста қатысушы ретінде сөз сөйледі.

Қазақстанда фискалдық орталықсыздандыруды зерттеу Экономикалық зерттеулер институтының қызметкерлерімен бірлесіп дайындалды.

Зерттеу аясында түсімдердің жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге тапсыру нұсқаларын қоса алғанда, фискалдық орталықсыздандыру сценарийлері әзірленді. Атап айтқанда, цифрлық майнинг және радиожиілік спектрін пайдалану үшін төлемақы әлеуетті түсім көзі ретінде қарастырылды. Жеке ұсыныстар іс жүзінде іске асырыла бастады - цифрлық майнинг үшін төлемақы жергілікті деңгейге тапсырылды, мұны зерттеудің қолданбалы сипаты растады.

Зерттеу қорытындысы бойынша өңірлердің өзіндік кіріс базасын кеңейтуге, фискалдық теңестіру жүйесін жетілдіруге, жергілікті деңгейде институционалдық әлеуетті дамытуға және бюджет процесінің ашықтығын арттыруға бағытталған ұсынымдар жасалды. Осы тәсілдердің іске асырылуы өңірлік сәйкессіздіктерді төмендетуге және бюджет саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылады.

Зерттеу нәтижелерін талқылауға Экономикалық зерттеулер институтының, мемлекеттік органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.



Қарау саны: 46
Сақталған: 16.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!