Институт сарапшылары «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының модульдік бағдарламасында дәріс оқыды

17.04.2026

Астана қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің басшылары мен кадр активінің, сондай-ақ қоғамдық-саяси ұйымдар өкілдерінің функционалдық және басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған модульдік бағдарламасы өз жұмысын бастады.

Білім беру бағдарламасы заманауи мемлекеттік және саяси басқарудың негізгі бағыттарын қамтитын алты тақырыптық модульден тұрады. Олардың ішінде:

  • жеке тұлға көшбасшылығы және құндылық белгілері
  • өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуын басқару
  • аумақтарды дамытуға арналған салық саясаты: кіріс базасын қалыптастырудан бастап жергілікті жерлерде нәтижелерге қол жеткізуге дейін
  • бюджеттік вертикаль: республикалық деңгейден ауылдық деңгейге дейін
  • халықпен және топ ішінде тиімді байланыс

«Өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуын басқару» модулі аясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қызметкерлері Құрметұлы Нұрболат, Мукушева Динара және Тұрсынбаева Назира дәріс оқыды.

Дәріс барысында сарапшылар өңірлік стандарттар жүйесінің призмасы арқылы өңірлерді дамыту тәсілдеріне жүйелі шолу жасады. Тыңдаушылар өңірлік стандарттар жүйесінің тұжырымдамалық негіздерімен, халықтың инфрақұрылыммен және қызметтермен қамтамасыз етілуін бағалаудың әдіснамалық тәсілдерімен, сондай-ақ цифрландыру мәселелерін қоса алғанда, жергілікті жерлерде жүйені енгізу мен мониторингтеудің практикалық аспектілерімен танысты.

Бағдарламаға облыс, қала және аудан деңгейіндегі мәслихат депутаттары, партияның штаттық қызметкерлері, сондай-ақ бастапқы партия ұйымдарының басшылары мен мүшелері қатысты.

Модульдік бағдарламаны іске асыру еліміздің барлық өңірлерінде жалғасып, басқарушылық құзыреттерді дамытуға бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге және жергілікті жерлерде шешімдер қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның іске асырылуы басқару шешімдерінің сапасын арттыруға, өңірлерді тұрақты дамытуға және билік пен қоғамның тиімді өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.



Қарау саны: 51
Сақталған: 19.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!