16 сәуірде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Жақыпова Шахарбану Шорманқызы Қазақ ұлттық хореография академиясы ұйымдастырған «Қазақстанның креативті индустрияларының экожүйесі: ШОБ орны, институционалдық кедергілер және өсу нүктелері» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, бизнес және академиялық орта өкілдері қатысты. Іс-шарада зерттеу тобының өкілдері философия докторы (PhD) А.С. Құлмағанбетова, экономика ғылымдарының кандидаты А. Р. Жұматаева, экономика ғылымдарының кандидаты Ж. А. Бабажанова ҚР ҒЖБМ-ның «ШОБ-тың Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуына әсерін зерттеу» гранттық жобасының нәтижелерін ұсынды.
Ш. Ш. Жақыпова «Қазіргі уақытта ҚР инвестициялық эко-жүйесін дамыту» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелде креативті экономиканы дамытудың әдіснамалық және практикалық аспектілері талқыланды. Үздік шетелдік тәжірибелер, Қазақстанда креативті индустрияларды ілгерілетудегі ағымдағы ахуал қаралды, саланың проблемалары мен кедергілері белгіленді, одан әрі өсу жолдары ұсынылды. Бұл талқылау зерттеуде пәнаралық тәсілді пайдалану қажеттігін дәлелдеді.