Қазақстан мен Моңғолия өзара сауда көлемін арттыруды жалғастырып келеді

20.04.2026

Қазақстан мен Моңғолия өзара сауда көлемін ұлғайтуды жалғастырып отыр: 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 133,5 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,7%-ке артық болды (124 млн АҚШ доллары).

2,4%-ке артып, 123,1 млн АҚШ долларына жеткен қазақстандық өнім экспорты негізгі өсімді қамтамасыз етті . Моңғолиядан импорт 2,7 есе өсіп, 10,5 млн АҚШ долларына жетті.


Моңғолияға Қазақстаннан ең жиі экспортталатын тауарлар:

  • темекі өнімдері - 26,1 млн АҚШ доллары (экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі-21,2%),

  • ұннан жасалған кондитерлік өнімдер-6,2 млн АҚШ доллары (5%),

  • кофе мен шайдың сығындылары, эссенциялары мен концентраттары - 2,9 млн АҚШ доллары (2,4%),

  • шоколад және құрамында какао бар өнімдер - 2,3 млн АҚШ доллары (1,9%);

  • іркіт, йогурт, айран - 2,2 млн АҚШ доллары (1,8%)


Моңғолиядан Қазақстанға импортталатын тауарлар:

  • жылқы еті - 8,4 млн АҚШ доллары (импорттың жалпы көлеміндегі үлесі-80,8%),
  • картоп – 468,2 мың АҚШ доллары (4,5%),

  • пошта маркалары және осыған ұқсас бағалы қағаздар - 382,4 мың АҚШ доллары (3,7%),

  • шұлық-ұйық бұйымы - 245,6 мың АҚШ доллары (2,3%),

  • басқа азық түлік - 210 мың АҚШ доллары (2%).


Өзара сауданың оң қарқыны Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың рет-ретімен нығайып жатқанын көрсетеді. 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі екіжақты сауда қатынастарының дамуына қосымша түрткі болды.

Бұл құжат тараптардың нарықтарында тауарлардың өзара қолжетімділігін кеңейту, сауда кедергілерін азайту және өзара сауда көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Келешекте келісімді іске асыру тауар айналымын одан әрі әртараптандыруға және екіжақты деңгейде де, Моңғолияның ЕАЭО елдерімен ынтымақтастығы шеңберінде де экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етеді.



Қарау саны: 31
Сақталған: 20.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!