Ғылым және практика диалогі: Мемлекеттік басқару академиясы докторанттарының Экономикалық зерттеулер институтымен кездесуі

24.04.2026

24 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы докторанттарының Экономикалық зерттеулер институтының өкілдерімен кездесті.

Іс-шара аясында экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Экономикалық зерттеулер институтының Бас ғылыми қызметкері Жақыпова Шахарбану Шорманқызы таныстыру дәрісін өткізді. Кездесуге "экономика", "мемлекеттік басқару" және "әлеуметтану" бағыттары бойынша докторанттар қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар Орталық Азия елдерінің экономикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың негізгі сын-қатерлері мен перспективалары бойынша пікірмен алмасты. Мұндай кездесулер ғылыми диалогты дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын қалыптастыруға ықпал етеді.


Қарау саны: 37
Сақталған: 25.04.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!