
Бүгін Экономикалық зерттеулер институтының қызметкерлері Сағындық Көшербаев, Назигүл Жаңақова, Гүлмира Қашқынбекова және Аяулым Бақтиярқызы Maqsut Narikbayev University-де өткен MNU Job Fair 2026 Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара аясында Институт өкілдері студенттер мен түлектерді ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен, корпоративтік мәдениетімен және негізгі құндылықтарымен таныстырды, сондай-ақ жас мамандар үшін мансаптағы мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Жәрмеңкеге қатысу экономикалық зерттеулер саласында дамуға мүдделі талантты жастармен кәсіби байланыс орнатуда маңызды алаңға айналды.
Іс-шара сонымен қатар жұмыс берушілер, студенттер мен түлектер арасындағы диалог алаңы ретінде академиялық орта мен кәсіби қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.