Кеше Экономикалық зерттеулер институты өкілдері NDC Partnership техникалық миссиясының делегациясымен кездесті.
NDC
Partnership – инвестициялық жоспарлау,
ресурстарды жұмылдыру және климаттық
саясатты сектораралық үйлестіру
мәселелерін қоса алғанда, ұлттық деңгейде
анықталған үлестерді (ҰДАҮ) іске асыруда
және жаңартуда мемлекеттерді қолдауға
бағытталған елдер мен халықаралық
ұйымдардың жаһандық коалициясы.
NDC
Partnership техникалық миссиясын Шығыс
Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағының
өңірлік менеджері Део Габинете басқарды.
Делегация құрамына Анатолий Трифонов,
Томаш Павелец, Айнұр Көпбаева және Аида
Әлиева кірді.
Институттың
Басқарма төрағасының орынбасары Е.И.
Таутенов қатысушыларды сәлемдесу
сөзімен қарсы алып, Қазақстанның
климаттық мақсаттарына қол жеткізудегі
халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын
атап өтті.
Кездесу
барысында тараптар Қазақстан
Республикасының көміртегі бейтараптығына
қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі
стратегиясын, сондай-ақ оны іске асыру
жөніндегі Жол картасының іске асырылуын
талқылады.
Климаттық
бюджеттеу, бюджеттік таңбалау және
сараптамалық қолдау мәселелеріне ерекше
назар аударылды.
Талқылау
аясында Део Габинете климаттық бюджеттеу
және консультациялық қолдау құралдарын
дамытудың маңыздылығын атап өтті, ал
Е. И. Таутенов бюджеттік және климаттық
тәуекелдердің негізгі аспектілеріне
тоқталып кетті. Тәуекелдерді бағалау
және басқару тәсілдері бөлек қарастырылды.
Институт
тарапынан іс-шараға Рустам Насырхан,
Көшербаев Сағындық, Қашқынбекова
Гүлмира, Бақтиярқызы Аяулым және Санжар
Бөлегенов қатысты.
