2026 жылдың сәуір айындағы өңірлік инфляция

04.05.2026

2026 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция наурыздағы 11,0%-пен салыстырғанда 10,6%-ке дейін төмендеді. Төменде ел өңірлері бойынша бағаның өсуіне талдау жасалған.

Жылдық мәнде бағаның қымбаттауы Солтүстік Қазақстан (13,4%), Ұлытау (12,9%), Ақмола (12,7%) және Павлодар (12,0%) облыстарында байқалады.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың көпшілігінде 2026 жылы инфляция деңгейі 2025 жылғы көрсеткіштен асып түсті, алайда жекелеген өңірлерде оның төмендеуі байқалды. Павлодар облысында инфляцияның 7,6%-тен 12,0%-ке дейін ерекше өсуі байқалады. Инфляцияның ең төмен деңгейі Астана қаласында (8,8%), Қарағанды облысында (9,1%) және Алматы қаласында (9,9%) тіркелді. Инфляцияның 13,8%-тен 8,8%-ке дейін 5 тармаққа ең қатты төмендеуі Астана қаласында байқалды.



Қарау саны: 55
Сақталған: 05.05.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!