Экономикалық зерттеулер институты мен БҰҰ ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

08.05.2026

8 мамырда Экономикалық зерттеулер институтында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднаарагчамен және оның келесі құрамдағы командасымен кездесу өтті: БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Үйлестірушісі Кеңсесінің экономисі Марат Шашкенов, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Үйлестірушісі Кеңсесінің әріптестік жөніндегі кеңесшісі Дина Хасенова.

БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі елде БҰҰ агенттіктері қызметінің үйлестірілуін қамтамасыз етеді және Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібін таныстыруға жәрдемдеседі. Өз кезегінде, Экономикалық зерттеулер институты ТДМ жөніндегі Хатшылық функцияларын орындай отырып, тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясатқа талдамалық және сараптамалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Институт пен БҰҰ жүйесі көптеген жылдар бойы тұрақты даму, Тұрақты даму мақсаттарын таныстыру және олардың Қазақстанда іске асырылу тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасап келеді.

Кездесу аясында тараптар бірлескен зерттеулер жүргізуді, талдамалық материалдар дайындауды және ТДМ-ға қол жеткізу мәселелері бойынша сараптамалық өзара іс-қимылды дамытуды қоса алғанда, ынтымақтастықтың әрі қарайғы бағыттарын талқылады.

Қазақстанда ТДМ-ға қол жеткізуді мониторингтеу және бағалау, ТДМ қағидаттарын бюджеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен озық тәжірибелермен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, бизнес өкілдерінің, азаматтық қоғамның және халықаралық әріптестердің қатысуымен, оның ішінде Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығының алаңында бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндіктері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға және елдің тұрақты дамуына ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Экономикалық зерттеулер институты тарапынан Басқарма төрағасы Біржан Баткеев, Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Әкебаев, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Данна Гафятуллина қатысты.



Қарау саны: 46
Сақталған: 09.05.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!