Экономика және заң: кедендік реттеу туралы не білу керек

13.05.2026

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамыту, транзиттік ағындардың өсуі және трансшекаралық электрондық сауда ауқымының кеңеюі оны цифрлық экономика жағдайына бейімдеуді талап етеді. Кедендік реттеудің неғұрлым ашық, тиімді және технологиялық жүйесін қалыптастыру мақсатында кеден заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде түзетулер әзірленді. Ұсынылған реттеуде электрондық сауданың құқықтық базасын жетілдіру, алдын ала ақпараттандыру тетіктерін және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, кедендік бақылау процестеріне цифрлық шешімдерді енгізу көзделеді.

Әрі қарай кедендік реттеудің халықаралық тәжірибесі және оны әртүрлі құқықтық жүйелерде қолдану ерекшеліктері қарастырылады.


Канада

Кеден туралы заң (Customs Act) – Канаданың тауарларды ел аумағына және одан тыс жерлерге әкелу мен әкетуді реттейтін негізгі заңнамалық актісі. Алғаш рет 1867 жылы қабылданған заң бірнеше рет қайта қаралды және 2026 жылы халықаралық сауданың, цифрландырудың және жеткізілімге бақылауды күшейтудің заманауи талаптарын ескере отырып, өз күшін жалғастырады. Негізгі ережелерге мыналар жатады: кедендік баждарды жинау, Канада шекаралары арқылы тауарлар мен адамдардың қозғалысын реттеу және отандық салаларды демпингтік немесе субсидияланған тауарлардың импорты сияқты жосықсыз бәсекелестіктен қорғау.

Заң канадалық Шекара қызметі агенттігінің жұмысына арналған Кедендік тарифті, Тауарлар мен қызметтерге салынатын салық туралы заңды, Акциздер туралы заңды және Импорттың арнайы шаралары туралы заңды қоса алғанда, басқа заңдарда көзделген баждар мен салықтарды жинау рәсімдерін басқаратын және орындайтын заңнамалық базаны ұсынады.


АҚШ

АҚШ-та кедендік реттеу тауарларды әкелу, баж жинау және жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу мәселелерін реттейтін 1930 жылғы тарифтік актіге (Tariff Act of 1930) сәйкес жүзеге асырылады. Кеден мәселелерін АҚШ-тың кедендік және шекаралық бақылау қызметі (CBP) басқарады.

Барлық импортталатын өнімдер баж мөлшерлемелері мен әкелу ережелерін анықтайтын АҚШ-тың Үйлестірілген тарифтік жүйесіне сәйкес жіктеледі. Заң тауарлардың нақты жіктелуін және олардың шыққан елін тексеруді талап етеді. Заң американдық компанияларға әділетсіз бәсекелестік жағдайлары үшін Сауда министрлігіне немесе АҚШ Халықаралық сауда комиссиясына (ITC) шағым түсіруге мүмкіндік береді.


Жапония

Жапонияда кедендік реттеу Кеден туралы Заң (Customs Act) негізінде жүзеге асырылады, Заң кедендік әкімшілендірудің барлық аспектілерін, соның ішінде баждарды анықтау мен төлеуді, тауарларды декларациялауды және экспорттық-импорттық операциялардың басқарылуын реттейді. Импортталатын тауарлар баж мөлшерлемелерін анықтайтын Үйлестірілген тариф жүйесі (HS Code) бойынша жіктеледі. Электрондық коммерция мен трансшекаралық жеткізілімдерге де салық, оның ішінде тұтынушылық салық (10%) салынады.

Бұл заңда тауарлар түпкілікті ресімделгенге дейін бақылауда болатын қоймалар, зауыттар және көрме алаңдары сияқты кедендік бақылау аймақтарына арналған ережелер егжей-тегжейлі көрсетілген. Бұдан басқа, кедендік бақылау аймақтарында тауарларды тасымалдауды және пошта жөнелтілімдерін өңдеуді қоса алғанда, арнайы оңайлатылған рәсімдер көзделген. Заң контрабандаға қарсы қатаң шаралар ме айыппұлдарды белгілеу және кеден органдарының шешімдеріне шағымдану тетіктерін қамтамасыз ету арқылы баж салығын төлеуден жалтаруды қамтиды.


Қытай

ҚХР-да кедендік реттеу 2026 жылы тауарларды әкелу және әкету тәртібін, кеден органдарының декларациясы мен қызметін реттейтін негізгі нормативтік акт ретінде Кеден заңы (Customs Law of the People’s Republic of China) негізінде жүзеге асырылады. Заң кедендік баждар мен салықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, экономикалық қауіпсіздік пен ішкі нарықты қорғауға бағытталған.

Шекарадан өтетін барлық тауарлар құны, шығу тегі және сипаттамалары туралы мәліметтерді бере отырып, міндетті кедендік ресімдеуге жатады. Тауарлардың жіктелуіне байланысты кедендік баждар, ҚҚС және акциздер алынады. Электрондық декларациялау жүйелері қолданылады. Кеден органдарының іріктеп тексеру жөніндегі өкілеттіктері бар, ал бұзушылықтар үшін айыппұлдар, тәркілеу және қылмыстық жауапкершілік көзделген.



Қарау саны: 47
Сақталған: 13.05.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!