Түркия Қазақстанның сауда серіктестері арасында бесінші орында тұр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркияның өзара саудасы 5,4 млрд АҚШ долларына жеті (2024 жылға қарай +8,8%). Бұл ретте Қазақстанның экспорты 3,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды (+17,7%), ал Түркиядан импорт 1,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді (-9,9%).
Қазақстанның
Түркияға экспортталатын негізгі 5 тауар:
мыс
пен мыс катодтары-1,7 млрд АҚШ доллары
(экспорттың жалпы көлеміндегі
үлесі-43,2%);
шикі
мұнай - 1,5 млрд АҚШ доллары (38,6%);
өңделмеген
алюминий - 160,6 млн АҚШ доллары (4,1%);
кептірілген
бұршақ дақылдары-155,2 млн АҚШ доллары
(4%);
мұнай
өнімдері - 136,7 млн АҚШ доллары (3,5%).
Қазақстанға
Түркиядан әкелінетін негізгі 5 тауар:
өлшеп-оралған
дәрілік заттар - 135,6 млн АҚШ доллары
(импорттың жалпы көлеміндегі үлесі –
9%);
әйелдер
тоқыма киімі-41,1 млн АҚШ доллары (2,7%);
шоколад
- 41 млн АҚШ доллары (2,7%);
кілемдер
мен тоқылған еден жабындары - 36,4 млн
АҚШ доллары (2,4%);
күнбағыс
тұқымы - 34,4 млн АҚШ доллары (2,3%).
Өзара
сауданың дамуына көлік-логистикалық
ынтымақтастықтың кеңеюі де ықпал етеді.
2025 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы
теміржол тасымалының көлемі 35%-ке өсіп,
6,4
млн тоннаға
жетті, оның 4
млн тоннадан астамы Транскаспий
халықаралық көлік бағытына
тиесілі. Кейінгі жеті жылда осы бағыт
бойынша тасымалдау көлемі бес
есе ұлғайып,
жеткізу мерзімі 13
күнге дейін қысқарды.
Кейінгі
он жылда (2016 жылдан 2025 жылға дейін)
Түркиядан Қазақстанға тікелей шетел
инвестицияларының жиынтық ағыны 4,1
млрд АҚШ долларына жетті. 2025
жылдың қорытындысы бойынша Түркиядан
Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының
жалпы ағыны 389,5
млн АҚШ долларына жетті
(2024 жылға қарай -34,9%).