Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті жүйелі дамыту, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі тапсырмасы аясында ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бұл үдерісте Экономикалық зерттеулер институты маңызды сарапшылық рөл атқарып, бизнеске қойылатын міндетті талаптарды қайта қарау жұмысына әдіснамалық және талдамалық сүйемелдеу көрсетіп жатыр.
Бүгінде
экология, көлік, жер пайдалану, өнеркәсіптік
қауіпсіздік және басқа да салалар
бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне
қойылатын 180
міндетті талап қайта қаралды.
Бұл жұмыс мемлекеттік органдар, бизнес
қауымдастық өкілдері және «Атамекен»
ҰКП-мен
бірлесіп жүргізілуде. Ал Институт
қолданыстағы реттеу тетіктерінің
тиімділігін бағалауда маңызды сарапшылық
алаң ретінде қатысып отыр.
Келесі
кезеңдердің бірі –
міндетті
талаптар тізілімін жасанды интеллект
технологияларын енгізу арқылы цифрландыру.
8
мамырда
Әділет министрлігі бизнеске қойылатын
талаптарды бағалауға арналған жаңа
цифрлық жүйемен жұмыс істеу бойынша
мемлекеттік органдарға оқыту өткізді.
Іс-шараға Ұлттық экономика министрлігінің,
мемлекеттік органдардың, «Атамекен»
ҰКП-ның
және Экономикалық
зерттеулер институтының
өкілдері қатысты.
Жасанды
интеллект негізіндегі бұл шешім міндетті
талаптар тізілімін уақтылы жаңартып
қана қоймай, мемлекеттік органдар мен
кәсіпкерлер үшін реттеу жүйесін анағұрлым
ашық, тиімді әрі қолжетімді етуге
мүмкіндік береді.