ТДМ-ға қол жеткізуді мониторингтеу комитетінің 14-ші отырысының қорытындысы

15.05.2026

2026 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнаулы органдарды дамыту департаментінің директоры, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді мониторингтеу комитетінің (бұдан әрі – Комитет, ТДМ) төрағасының орынбасары Н.А.Жанназарованың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібі «Өркендеу» (7 - 11 ТДМ), «Адамдар» (1-5 ТДМ) және «Жер» (6,12-15 ТДМ) үш Ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі - ВАЖТ) ТДМ-ға қол жеткізу бойынша жұмыс қорытындыларын қарау, сондай-ақ үшінші Ерікті ұлттық шолу (бұдан әрі – ЕҰШ) қорытындысы негізінде Қазақстанда ТДМ іске асырудың әрі қарайғы қадамдары бойынша жол картасын бекітуге қатысты мәселелерді қамтыды.

Күн тәртібіне сәйкес атқарылған жұмыс қорытындылары мен «Өркендеу» ВАЖТ жоспары туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры Ә. А. Оспанов баяндады. Баяндамашы отырысқа қатысушыларды қол жеткізілген нәтижелер туралы қысқаша хабардар етті. Ол «Өркендеу» ВАЖТ жұмысының маңыздылығын, оның отандық экономиканы дамытудың барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттарын қамтитындығын атап кетті. Баяндамада 2025 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелер және 7-11 ТДМ-ның ұлттық индикаторлары бойынша жоспарланған келесі іс-шаралар айтылды: энергетика және таза энергия көздеріне қол жеткізу; салалық үлесті ескере отырып экономикалық өсу; жұмыспен қамту және жұмыссыздық, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық; жол-көлік инфрақұрылымы және тасымалдау; интернетке қол жеткізу; мемлекеттік борыш; тарифтік преференциялар; тұрақты қалалар мен елді мекендер; халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету.

«Адамдар» ВАЖТ жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Б. С. Құндызбаев баяндама жасады. Ол 2025 жылдың нәтижелері мен халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған 1-5 ТДМ-ның ұлттық индикаторлары бойынша келесі жоспарларды атап өтті: кедейлікпен күрес; халықтың осал топтарын, аналарды, балалар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету; агро-секторды және азық-түлік нарығын дамыту негізінде аштықты жою; салауатты өмір салты және отбасын жоспарлау мәселелері, ең алдымен жастар арасында; білім беру және денсаулық сақтау саласында, оның ішінде инклюзияны ескере отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету; гендерлік теңдікті қамтамасыз ету.

«Жер» ВАЖТ-тың 6,12-15 ТДМ-ның ұлттық индикаторларының барлық спектрі бойынша жұмыс нәтижелері және қолда бар жоспарлары туралы (елді мекендер бөлінісінде таза сумен қамтамасыз ету, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау; қалдықтарды мониторингтеу және кәдеге жарату; инвестициялық қажеттілікті ескере отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес; мониторинг және браконьерлікке қарсы күрес арқылы теңіз экожүйелерін сақтау; жер экожүйесін көгалдандыру және биоәртүрлілікті қолдау арқылы сақтау) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті директорының орынбасары-Н. И. Давлетьярова баяндады.

Экономикалық зерттеулер институты (бұдан әрі – Институт) атынан Институт басшылары мен ТДМ жөніндегі Хатшылық (бұдан әрі – ТДМХ) қызметкерлері қатысты. Институттың ТДМХ директоры Б. Хамбар 2026-2028 жылдарға арналған ТДМ іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасын (бұдан әрі – Жол картасы) ұсынды. Ол бұл құжат үшінші ЕҰШ негізінде дайындалғанын, Жол картасымен қамтылған шаралар 10 бағыт бойынша топтастырылғанын атап өтті және барлық 17 ТДМ бөлінісінде түйінді шаралар мен нысаналы тәсілдерге егжей-тегжейлі тоқталып кетті.

Комитет отырысын қорытындылай келе, Н.А. Жанназарова спикерлер мен қатысушыларға алғысын білдіріп, ТДМ-ға қол жеткізудің неғұрлым мұқият мониторингін қамтамасыз ету және қол жеткізілген нәтижелерді ғана емес, сонымен қатар ТДМ-ға қол жеткізуге кедергі келтіретін проблемаларды, сондай-ақ неғұрлым өзекті жоспарларды ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қарауына шығару үшін әрбір ВАЖТ бөлінісінде жоспарларды талқылау үшін осындай отырыстарды жүйелі түрде өткізу қажеттігін атап өтті.



Қарау саны: 37
Сақталған: 18.05.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!