Институтта Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп бойынша жұмыс жасау аясында ХВҚ миссиясы өтіп жатыр

18.05.2026

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да жыл сайын Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті  іске асыру шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) миссиясы өтеді.


Миссия барысында халықаралық сарапшылар Есептің әрі қарайғы міндеттерін іске асыру бойынша Экономикалық зерттеулер институтының мамандарына техникалық және консультациялық қолдау көрсетеді. Осы жылы климаттық тәуекелдерді бағалауға байланысты бағытқа ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Институт сарапшыларының климаттың өзгеруіне байланысты ұзақ мерзімді экономикалық тәуекелдерді бағалауға арналған Q-CRAFT моделімен жұмыс істеу құзыреті дамып жатыр.

ХВҚ тарапынан миссияға Джоти Рахман, Имран Азиз және Шота Гуния қатысады. Институт тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов, сондай-ақ Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығы (МЗБО) мен Климатты зерттеу орталығының (КЗО) сарапшылары қатысады.


Қарау саны: 40
Сақталған: 19.05.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!