Батыс Қазақстан облысы бюджетінің 2022-2025 жылғы әлеуметтік сала шығындары

21.05.2026

2022-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы бюджетінің әлеуметтік салаға шығындары жиынтық бюджеттік шығындардың орта есеппен 55,0%-не тең. Қарастырылып отырған кезеңде олардың көлемі 2022 жылғы 190,8 млрд теңгеден (барлық шығындардың 56,1%) 2025 жылы 313,0 млрд теңгеге (барлық шығындардың 54,1%) дейін 1,6 есе ұлғайды.

Аталған кезеңдегі әлеуметтік шығындардың негізгі бағыты орта есеппен әлеуметтік сала қаражатының 74,9%-і тиесілі білім беру саласы болды. Осы саланы қаржыландыру көлемі 59,6%-ке ұлғайды: 2022 жылғы 146,0 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 76,5%) 2025 жылы 233,1 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 74,5%) дейін. 2022-2025 жылдары облыста 69 мектеп жаңғыртылды, 9 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, 25 мектеп салынды және пайдалануға берілді. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 51 пәндік кабинет сатып алынып, 12 робототехника кабинеті, сондай-ақ 7 STEM-зертхана жабдықталған.

Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті дамыту әлеуметтік шығындардың орта есеппен 10,5%-не тең. 2022-2025 жылдары бұл бағытты қаржыландыру 1,9 есе ұлғайды: 20,2 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 10,6%) 38,0 млрд теңгеге дейін (әлеуметтік шығындардың 12,2%). Талданып отырған кезеңде 1 мәдениет объектісі пайдалануға беріліп, 13 объектіге жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, 3 спорт нысаны (2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 1 модульдік спорт кешені) салынды.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру шығындары әлеуметтік сала бюджетінің 9,7%-не тең. Талданып отырған кезеңде олардың көлемі 1,4 есе ұлғайды: 2022 жылғы 19,2 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 10,0%) 2025 жылы 26,4 млрд теңгеге (әлеуметтік шығындардың 8,4%) дейін.

Денсаулық сақтау саласына әлеуметтік шығындардың ең аз үлесі тиесілі: орта есеппен 4,8%. 2022-2025 жылдары бұл саланы қаржыландыру 5,4 млрд теңгеден (әлеуметтік шығындардың 2,8%) 15,5 млрд теңгеге дейін (әлеуметтік шығындардың 4,9%) 2,9 есе өсті. Қарастырылып отырған кезеңде 38 денсаулық сақтау нысаны салынды және 14 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. 42 оқыту іс-шарасы аясында 639 медицина қызметкері біліктілігін арттырды.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік шығыстарының құрылымы денсаулық сақтауды, әлеуметтік қолдауды, мәдениет пен спортты қаржыландырудың бір мезгілде өсуі кезінде білім берудің орнықты басым болуымен сипатталады.



Қарау саны: 40
Сақталған: 21.05.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!