Бүгін Институтта реттеушілік әсерді талдауды қолдану практикасы бойынша семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – норма шығару процесінде мемлекеттік қызметшілерді РӘТ рәсімін практикалық қолдануға үйрету.
Семинарға
10 министрліктің (Ауыл шаруашылығы, Су
және ирригация, Мәдениет және ақпарат,
Энергетика, Жасанды интеллект және
цифрлық даму, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар,
Әділет, Көлік, Ғылым және жоғары білім)
қызметкерлері қатысты.
Семинарлар
тұрақты негізде интерактивті дәріс пен
практикалық сабақ форматында өтеді.
Семинар бағдарламасы келесі тақырыптарды
қамтиды:
-
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
институционалдық жүйесі;
-
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
саласындағы заңнама;
-
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
құралдары;
-
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
жүйесіндегі РӘТ рөлі;
- РӘТ-ті
халықаралық деңгейде енгізу,
-
Қазақстанда РӘТ институтының қалыптасуы
мен дамуы;
- РӘТ
құрылымының құрамдас элементтері;
- орталық
және өңірлік деңгейлерде РӘТ рәсімін
өткізу тәртібі;
- РӘТ
талдамалық нысанының әрбір қадамын
егжей-тегжейлі түсіндіре отырып,
талдамалық нысанды толтыру;
-
практикалық жағдайларды қарастыру және
талқылау.
Семинарды
РӘТ бойынша сертификатталған жаттықтырушы
Асенова Айгүл Ербатырқызы (э.ғ.к.,
Сараптама орталығы директорының
орынбасары), Сараптама орталығының
жетекші сарапшысы Қалиева Ақмоншак,
Сараптама орталығының жетекші сарапшысы
Шевцова Алена дайындап, өткізді.
