ЕАЭО жаһандық сауда байланыстарын кеңейтеді: Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер
22.05.2026
Кейінгі жылдары Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) үшінші елдермен еркін сауда (ЕСА) және экономикалық әріптестік туралы келісімдер желісін кеңейте отырып, сыртқы сауда күн тәртібін айтарлықтай жандандырды. Басында еуразиялық интеграция негізінен ішкі ортақ нарықты қалыптастыруға шоғырланған болса, қазір ЕАЭО Азия, Таяу Шығыс және Еуропаның негізгі елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды біртіндеп тереңдетуге бағытталған неғұрлым ашық интеграциялық блокқа айналады.
Еркін сауда және экономикалық әріптестік туралы келісімдер желісін дамыту ЕАЭО-ның әлемдік экономиканың өзгерістеріне бейімделуінің, логистикалық бағдарларды трансформациялаудың және экспорттық бағыттарды әртараптандырудың негізгі құралдарының біріне айналды. Қазір Одақтың Вьетнаммен, Сербиямен және Иранмен қолданыстағы еркін сауда келісімдері бар, сондай-ақ Индонезиямен бірнеше келісімге қол қойылыпп, Моңғолиямен уақытша сауда келісімі жасалған. Сонымен қатар, Сингапурмен және БАӘ-мен экономикалық серіктестік туралы келісімдер бар. Үндістан мен Египетпен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Аталған келісімдердің жиынтық әсері 2 млрд астам әлеуетті тұтынушыны қамтудан және экономиканың жиынтық көлемі шамамен 8 трлн АҚШ долларға тең экономикалық кеңістікті қалыптастырудан көрініс табады. Бұл ірі әлемдік экономикалық блоктармен салыстырылады және ЕАЭО-ны жаһандық сауда архитектурасының белсенді қатысушысына айналдырады. Еркін сауда аймағының алғашқы және ең айқын «модельдік» мысалы 2016 жылы күшіне енген Вьетнаммен келісім. Ол ЕАЭО-ның барлық сыртқы сауда саясаты үшін сынақ жобаға айналды. Құжат Вьетнам тарапынан тауардың 88%-і бойынша кедендік әкелу баждарының күшін жоюды көздейді, бұл ретте тарифтік желілердің 59%-і бойынша ырықтандыру келісім күшіне енгеннен кейін бірден жүзеге асырылды. 100 миллионға жуық халқы және ЖІӨ 500 млрд АҚШ долларынан асатын Вьетнам ЕАЭО-ға Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан өңіріне кіруге жәрдемдесті.
Екінші
маңызды бағыт – Сербиямен
ерекше геоэкономикалық маңызы бар
келісім. Экономиканың салыстырмалы
түрде шағын көлеміне қарамастан (ЖІӨ
шамамен 100 млрд АҚШ доллары және халқы
6,6 млн адам), Сербия ЕАЭО үшін «еуропалық
дәліз» рөлін атқарады. Келісім Еуропалық
Одақтан тыс еуропалық нарыққа қол
жеткізуді қамтамасыз етеді және өңірлік
қосылған құн тізбегіне қосылу үшін
қосымша жағдай жасайды. Келісім шеңберінде
тараптар тауар номенклатурасының 93%-і
бойынша кедендік әкелу баждарын өзара
алып тастау туралы уағдаласты. Бұл ретте
бажсыз режим тарифтік квоталар
қолданылатын алкоголь және темекі
өнімдерінің жекелеген түрлерін қоса
алғанда, ерекше сақтау жағдайын талап
ететін тауарлардың шектеулі тізбесіне
ғана қолданылмайды.
Таяу Шығыста ЕАЭО-ның негізгі серіктесі – 2025 жылы уақытша уағдаластықтың орнына еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енген Иран. Жаңа формат өзара сауданың тауар номенклатурасының шамамен 90%-нің ырықтандырылуын көздейді. Бұл ретте ЕАЭО тауарларына Иранның кедендік әкелу бажының орташа мөлшерлемесі 20%-тен 4,5%-ке дейін төмендеді. Иран шамамен 90 млн халқы бар және ЖІӨ 370 млрд АҚШ долларынан асатын өңірдегі ең ірі нарықтардың бірі. ЕАЭО үшін келісім тек сауда ғана емес, сонымен қатар Парсы шығанағы, Оңтүстік Азия нарықтары мен халықаралық көлік дәліздеріне шығуды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызға ие. Келісімді іске асыру Одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешені, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерін жеткізудің өсуіне ықпал етеді. ЕАЭО сыртқы экономикалық стратегиясының келесі кезеңі еркін сауда аймағынан тыс әрекет етуге мүмкіндік беретін БАӘ және Сингапурмен экономикалық әріптестік туралы келісімдер. Егер дәстүрлі ЕСА негізінен тарифтерді төмендетуге бағытталса, онда жаңа келісімдер логистиканы, инвестицияларды, цифрлық сауданы және қаржылық инфрақұрылымды қамтиды. ЕАЭО үшін БАӘ-мен келісім экономикасы шамамен 570 млрд АҚШ долларға жететін ірі әлемдік сауда-логистикалық хабтардың біріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әмірліктер Еуропа, Азия және Африка арасындағы тауар ағындарын қайта бөлудің жаһандық орталығы ретінде Одақ елдерінің өнімдерін сыртқы нарықтарға тарату үшін қосымша мүмкіндік жасайды. Келісім шеңберінде тауар номенклатурасының 86%-і бойынша преференциялық қолжетімділік қамтамасыз етіледі, бұл ретте БАӘ-нің ЕАЭО өніміне әкелу баждарының орташа мөлшерлемесі 5%-тен 0,6%-ке дейін төмендейді.
Сингапур
– Оңтүстік-Шығыс Азияның жоғары
технологиялық және қаржы орталығы.
Мұнда негізгі әсер тауар саудасымен
емес, инвестициялық, цифрлық және
сервистік платформаларға қолжетімділікпен
байланысты, бұл ЕАЭО-ның экономикалық
өзара іс-қимылдың неғұрлым күрделі
нысандарына көшуін көрсетеді. Бұл ретте
Сингапур тауарлар импортына қолданылатын
барлық тарифтерді алып тастайды және
саудада тарифтік пен тарифтік емес
шектеулерді қолданбауға міндеттенеді.
Еркін сауда және экономикалық әріптестік туралы келісімдер желісін дамыту ЕАЭО халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналады. Одақ Азия мен Таяу Шығыстың қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына бағытталған сыртқы экономикалық өзара іс-қимылдың кең архитектурасын біртіндеп қалыптастырады. Бұл саясаттың экономикалық әсері экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуде, көліктік-логистикалық әлеуетті нығайтуда, инвестициялар тартуда және жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастыруда көрінеді. Сонымен бірге ішкі нарықтың бәсекеге қабілеттілігіне және белсенді өнеркәсіптік саясатты жүргізу қажеттілігіне қойылатын талаптар артып келеді. Бұл процесте өзінің географиялық жағдайына, транзиттік әлеуетіне және экспорттық мамандануына байланысты ЕАЭО келісімдер желісін кеңейтудің негізгі бенефициарларының бірі ретінде Қазақстан ерекше маңызға ие. Еркін сауда аймақтарының дамуы елдің Қытай, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Еуропа нарықтарын байланыстыратын еуразиялық логистикалық және сауда хабы ретіндегі рөлін күшейтеді. Қазақстан үшін бұл ауыл шаруашылығы өнімінің, металлургияның және мұнай-химия өнімдерінің экспортын ұлғайту, сондай-ақ көлік және өндірістік инфрақұрылымға инвестициялар тарту үшін қосымша мүмкіндік береді. Бұл артықшылықтарды іске асыру экономиканың қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге көшу және дамып келе жатқан өңірлік өндірістік тізбектерге белсенді қосылу қабілетіне тікелей байланысты.
Қарау саны: 51 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|