Экономикалық зерттеулер институты KPMG-ның Орталық Азия мен Кавказдағы өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізіп, әрі қарайғы ынтымақтастық перспективалары мен өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын талқылады.
Кездесу
аясында Институт басшылығы ұйымның
қызметі, оның ұйымдық құрылымы, жұмыстың
негізгі бағыттары, сондай-ақ бейіндік
орталықтардың зерттеу қызметінің
нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.
Тараптар сараптамалық-талдамалық жұмыс,
зерттеудің күн тәртібі және өзара
қызығушылық тудыратын өзара іс-қимылдың
әлеуетті форматтары мәселелері бойынша
пікір алмасты.
Кездесуге
«Экономикалық зерттеулер институты»
АҚ Басқарма төрағасы Біржан Баткеев,
Басқарма төрағасының орынбасары Дастан
Әкебаев, KPMG-ның Орталық Азия мен Кавказдағы
басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев,
KPMG-ның Орталық Азия мен Кавказдағы
стратегиялық және операциялық
консультациялар тобының директоры
Ғалым Аманжолов, сондай-ақ «Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ өкілдері
қатысты.
Кездесу
қорытындысы бойынша әрі қарайғы өзара
іс-қимыл жасау үшін ақпараттық материалдар
дайындалды. Тараптар кәсіби диалогты
жалғастыруға және ынтымақтастықтың
перспективалық бағыттарын қарауға
қызығушылық танытты.

