Институтте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша семинар өтті

26.05.2026

Бүгін Экономикалық зерттеулер институтында комплаенс-офицердің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының және Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: қызметкерлердің негізгі талаптары мен міндеттері» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары, қызметкерлердің міндеттері, мүдделер қақтығысының алдын алу қағидалары, сыйлықтар мен өзге де заңсыз артықшылықтарды алуға тыйым салу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы хабарлау тетіктері мен сыбайлас жемқорлық үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны талқыланды.

Семинар аясында адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.



Қарау саны: 27
Сақталған: 26.05.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!