Еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ұжымы Өңірлік зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Назира Ерішқызы Тұрсынбаеваға көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Жылдар бойы
Назира Ерішқызы терең білімін,
құзыреттілігін және өз ісіне адалдығын
көрсете отырып, өңірлік зерттеулердің
дамуына елеулі үлес қосты. Ол Өңірлік
стандарттар жүйесінің әзірленуі мен
енгізілуінде ерекше рөл атқарып, осы
бағыттағы негізгі мамандардың біріне
айналды.
Зейнеткерлік
демалысқа шықса да Назира Ерішқызы
өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп,
әріптестеріне кәсіби қолдау көрсетуді
және институт жұмысына белсенді қатысуды
жалғастырды. Оның еңбекқорлығы,
жауапкершілігі, зейінділігі ұжымның
шынайы құрметіне ие болды.
Назира
Ерішқызына Институт пен Өңірлік
зерттеулер орталығының қызметіне қосқан
баға жетпес үлесі үшін алғыс айтамыз.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық,
шаңырағыңызға береке мен табыс, сондай-ақ
алдағы барлық бастамаларыңызға сәттілік
тілейміз.