«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Бас ғылыми қызметкері Жақыпова Шахарбану Шорманқызы Нархоз Университеті мен KIMEP Университетінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастықта Community Accelerator бағдарламасы шеңберінде Academy of Management (AOM) ұйымдастырған екі күндік семинарға (Workshop) қатысты. Іс-шара 2026 жылғы 28-29 мамырда Алматыда өтті.
Семинар
Орталық Азияның академиялық
қауымдастықтарымен ғылыми ынтымақтастықты
дамытуға бағытталған «Жібек жолы»
жобасы бойынша Academy of Management (AOM) Community
Accelerator Program бастамасы аясында өткізілді.
Семинардың
мақсаты - білім алмасу, зерттеу дағдыларын
дамыту және өңірдің академиялық
қауымдастығын нығайту үшін платформа
құру.
Workshop
аясында келесі іс-шаралар өтті:
28
мамыр-AOM
жетекші журналдарының редакторларымен
ашық кездесу. Қатысушылар дамушы
экономикаларда, әсіресе Орталық Азия
елдерінде жүргізіліп жатқан зерттеулердің
маңыздылығы және олардың басқару
теориясы мен практикасын дамытуға
қосқан үлесі туралы білді. Сондай-ақ,
жетекші халықаралық журналдарда ғылыми
жұмыстарды жариялау бойынша ұсынымдар
таныстырылды.
29
мамыр-AOM
журнал редакторларымен ғылыми
зерттеулерді дамытуға, мақалалар
дайындауға және рецензиялау рәсімінен
өтуге арналған интерактивті дөңгелек
үстелдер. Сессия барысында қатысушылар
зерттеу идеяларын талқылап, жаңа кәсіби
байланыстар орнатты.
Academy
of Management Annals, Academy of Management Collections, Academy of
Management Discoveries, Academy of Management Journal, Academy of
Management Learning & Education, Academy of Management
Perspectives және Academy of Management Review сияқты
жоғары рейтингті ғылыми журналдардың
редакторлары іс-шараға спикерлер ретінде
қатысты.