2026 жылғы мамыр айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама
01.06.2026
Мамыр айында жылдық мәндегі тұтынушылық инфляция - 10,4%. Азық-түлі бір жылда 11,7%-ке өсіп, негізгі өсімді көрсетті. 2026 жылдың мамыр айында елдегі инфляция: - 2025 жылғы мамырға қатысты 10,4% (өткен айда 10,6%); - 2026 жылғы сәуірге қатысты 0,7% (өткен айда 0,8%).
Жылдық мәнде: - азық-түлік бағасы 10,7%-ке (0,4% а/а) өсті; - азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,7%-ке (0,6% а/а) өсті; - ақылы қызметтердің бағасы 8,7%-ке (1,1% а/а) қымбаттады.
Инфляция қарқынына 42,4% мөлшерінде азық-түлік негізгі үлес қосады (яғни жалпы инфляцияның 10,4%-нен 4,41 п.т. азық-түлікке тиесілі). 2025 жылғы мамырмен салыстырғанда азық-түлік үлесі 6,8 п.т-ға (35,6%-тен 42,4%-ке дейін) ұлғайды. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда ол 43,9%-тен 42,4%-ке 1,5 п.т-ға азайды. 2025 жылы ең көп үлес қосқан ақылы қызметтердің үлесі осы жылы 26,5%-ке жетті. 2025 жылғы мамырмен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі 40,4%-тен 26,5%-ке дейін 13,9 п.т-ға төмендеді. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда ол 26,6%-тен 26,5%-ке 0,1 п.т-ға азайды. Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2025 жылғы мамырдағы 23,9%-тен 2026 жылғы мамырда 30,7%-ке дейін шамалы өсті. Сондай-ақ, өткен аймен салыстырғанда 29,9%-тен 30,7%-ке дейін 0,8 п.т-ға өсім байқалды.
Азық-түлік арасында бір жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:
Көкөніске жылдық бағаның 16,8%-ке төмендеуі тіркелді.
Келесі тауарлардың бағасы төмендеді: - қияр-25,4% (а/а); - қызанақ-25,1% (а/а); - тәтті бұрыш-8,3% (а/а); - сарымсақ-3,1% (а/а); - мандариндер-2,6% (а/а); - қызылша-2% (а/а).
Азық-түлік
емес тауарлар
арасында ең қатты қымбаттаған тауарлар:
бензин – 16,0%, жеке пайдаланылатын
тауарлар – 13,2%, аяқ киім – 11,1%, жуғыш
заттар – 10,9%, киім-10,2%.
Ақылы қызметтер саласында келесі қызметтердің бағасы қымбаттады: - сұйытылған газ – 15,5%; - тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 15,0%; - тұрғын үйді жалға алу – 13,3%; - су бұру – 12,3%; - тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету, жөндеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету-11,4%; - лифт үшін төлем-8,1%. - қатты отын-7,5%. - домофон – 7,2%; – электр энергиясы-6,9%; – тұрғын үйді күтіп-ұстау және қызмет көрсету-6,2%; - қоқыс шығару-1,3%.
Қарау саны: 35 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|