2026 жылдың мамырындағы өңірлік инфляция

01.06.2026

2026 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция сәуірдегі 10,6%-пен салыстырғанда 10,4%-ке дейін төмендеді. Төменде ел өңірлері бойынша инфляцияның өсуіне талдау жасалған.

Тұтыну бағасының ең жоғары өсуі Солтүстік Қазақстан облысы мен Ұлытау облыстарында әрқайсысында 13,3%-тен тіркелді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,9 п.т-ға артық. Инфляцияның жоғары қарқыны Ақмола (12,6%), Атырау (11,8%) және Түркістан (11,5%) облыстарында да байқалды.

Сонымен қатар, ең төменгі мәндер Алматы қаласында (9,0%), Қарағанды облысында (9,4%), Астана қаласында (9,4%) және Шымкент қаласында (9,7%), Батыс Қазақстан облысында (9,8%) белгіленді, бұл орташа республикалық инфляция деңгейімен салыстырғанда тұтыну бағаларының неғұрлым ұстамды серпінін көрсетеді (10,4%).

Инфляциялық қысымның сақталуына қарамастан, ағымдағы қарқын еліміздің бірқатар өңірлерінде баға процестерінің біртіндеп тұрақтанғанын растайды. Ірі қалалар мен жекелеген облыстарда инфляцияның 10%-тен төмен сақталуы бағаның өсуін тежеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.



Қарау саны: 25
Сақталған: 01.06.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!