2026 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция сәуірдегі 10,6%-пен салыстырғанда 10,4%-ке дейін төмендеді. Төменде ел өңірлері бойынша инфляцияның өсуіне талдау жасалған.
Тұтыну
бағасының ең жоғары өсуі Солтүстік
Қазақстан облысы мен Ұлытау облыстарында
әрқайсысында 13,3%-тен тіркелді, бұл орташа
республикалық көрсеткіштен 2,9 п.т-ға
артық. Инфляцияның жоғары қарқыны Ақмола
(12,6%), Атырау (11,8%) және Түркістан (11,5%)
облыстарында да байқалды.
Сонымен
қатар, ең төменгі мәндер Алматы қаласында
(9,0%), Қарағанды облысында (9,4%), Астана
қаласында (9,4%) және Шымкент қаласында
(9,7%), Батыс Қазақстан облысында (9,8%)
белгіленді, бұл орташа республикалық
инфляция деңгейімен салыстырғанда
тұтыну бағаларының неғұрлым ұстамды
серпінін көрсетеді (10,4%).
Инфляциялық
қысымның сақталуына қарамастан, ағымдағы
қарқын еліміздің бірқатар өңірлерінде
баға процестерінің біртіндеп тұрақтанғанын
растайды. Ірі қалалар мен жекелеген
облыстарда инфляцияның 10%-тен төмен
сақталуы бағаның өсуін тежеу бойынша
жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін
көрсетеді.
