2026 жылғы 21 мамырда Астана қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбындағы семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) Хатшылығының өкілі Базарбаев А.С. қатысты.
Іс-шараға Астана қаласынан,
Қарағанды және Шығыс Қазақстан
облыстарынан, сондай-ақ Абай және Ұлытау
облыстарынан келген кәсіпкерлер
қауымдастығының өкілдері мен инвесторлар
қатысты. Сонымен қатар, семинарға
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,
жергілікті атқарушы органдардың,
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның, «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қорының, «Қазақстанның
экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның
және басқа да квазимемлекеттік органдардың
өкілдері қатысты.
Семинар
аясында «Экономикалық зерттеулер
институты» АҚ Әлемдік экономика
зерттеулері орталығы директорының
орынбасары Базарбаев А.С. Қазақстанның
Ұлттық байланыс орталығының қызметі
туралы ақпарат ұсынып, кәсіпкерлік
қызметтегі тиісті тексеру мәселелері
бойынша оқыту сессиясын өткізді.
Қатысушыларға
Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының (ЭЫДҰ) көпұлтты кәсіпорындарға
арналған жауапты бизнес жүргізу жөніндегі
Басшылық қағидаттарының ықтимал
бұзылуына байланысты өтініштерді
қарайтын ҰБО-ның функциялары мен жұмыс
тетіктері туралы ақпарат берілді. ҰБО
жауапты бизнес жүргізудің халықаралық
стандарттарына сәйкес мүдделі тараптар
арасындағы дауларды соттан тыс тәртіппен,
ерікті және өтеусіз негізде реттеуді
қамтамасыз етеді.
Сөз
сөйлеу барысында Қазақстанның Ұлттық
байланыс орталығы Орталық Азия, Еуразиялық
экономикалық одақ және Шанхай ынтымақтастық
ұйымы елдері арасында ЭЫДҰ қағидаттары
бойынша жұмыс істейтін жалғыз Ұлттық
байланыс орталығы екендігі атап өтілді.
Кәсіпкерлік
қызметтегі тиісті тексеру мәселелеріне
ерекше назар аударылды. Қатысушыларға
ЭЫДҰ-ның 2023 жылы жаңартылған Басшылық
қағидаттарының негізгі ережелері
түсіндірілді. Атап айтқанда, жеткізу
тізбектеріндегі тәуекелдерді анықтау
және олардың алдын алу, адам құқықтарын
сақтау, еңбек стандарттарын орындау,
экологиялық жауапкершілік және шаруашылық
қызметтің теріс салдарын жою тетіктері
мәселелері қарастырылды.
Тиісті
тексеру қағидаттарын енгізу құқықтық
және беделдік тәуекелдерді төмендетуге,
компаниялардың инвестициялық тартымдылығын
арттыруға, сондай-ақ олардың халықаралық
нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін
нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
ҰБО
Хатшылығының аталған іс-шараға қатысуы
кәсіпкерлік қызметті жауапты жүргізудің
халықаралық стандарттары туралы
бизнес-қоғамдастық өкілдерінің
хабардарлығын арттыруға бағытталған
және Қазақстанның Ұлттық байланыс
орталығын 2025–2027 жылдары ілгерілету
жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жүзеге
асырылуда.