
Бүгін Институтта ғылыми мақалалар жазу және зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігі мәселелеріне арналған семинар өтті.
Семинарды Институттың бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Жақыпова Шахарбану Шорманқызы өткізді. Іс-шара барысында ол ғылыми жарияланымдарды дайындаудың заманауи тәсілдері, жетекші халықаралық журналдардың талаптары, сондай-ақ жоғары рейтингті ғылыми басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялау мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Ғылыми қызметтің ашықтығын арттыруға, зерттеу ынтымақтастығын дамытуға және академиялық адалдықты нығайтуға ықпал ететін ашық ғылыми платформаларда зерттеулерді алдын ала тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Шахарбану Шорманқызы менеджмент бойынша жетекші халықаралық ғылыми журналдардың редакторлары рейтингтік басылымдарда мақалаларды дайындау және жариялау бойынша практикалық ұсыныстар жасаған Workshop Academy of Management-ке қатысу тәжірибесімен бөлісті.