«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да сауда саясатының бизнесті дамытуға және халықаралық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына әсерін бағалау бойынша зерттеудің алдын ала нәтижелерін талқылауға арналған ғылыми семинар өтті.
Іс-шараның
спикері - Назарбаев Университеті Жоғары
бизнес мектебінің ассистент-профессоры,
Ph.D KU Leuven (Бельгия) Айгерим Ергабулова.
Семинар
барысында қазақстандық компаниялардың
қызметіне сауданы ырықтандыру ықпалына
арналған зерттеудің аралық нәтижелері
ұсынылды. Қазақстанның 2015 жылы ДСҰ-ға
кіруінің салдарына, кәсіпорындарды
жеткізу құрылымындағы өзгерістерге
және әртүрлі жаһандық күйзелістердің
әсеріне ерекше назар аударылды.
Фирма
деңгейіндегі деректерді талдау негізінде
импортталатын ресурстардың сапасын
арттыру, жеткізушілер желілерін
трансформациялау, сондай-ақ жеткізу
тізбектерінің шоғырлануы және жекелеген
транзиттік маршруттарға тәуелділік
салдарынан туындайтын тәуекелдер
мәселелері қаралды.
Семинарға
қатысушылар жаһандық экономикалық
өзгерістердің бизнестің бәсекеге
қабілеттілігіне, өндірістік процестердің
тұрақтылығына және Қазақстанның сыртқы
экономикалық байланыстарын одан әрі
әртараптандыру перспективаларына
әсерін талқылады.
Іс-шара
аясында ғылыми және әдіснамалық тәжірибе
алмасу, сондай-ақ халықаралық сауданың
өзекті мәселелері мен бизнесті жаһандық
экономикалық трансформация жағдайларына
бейімдеу мәселелері қарастырылды.
Өткізілген
семинар Экономикалық зерттеулер
институтының ғылыми семинарлар
сериясындағы екінші іс-шара болды.
Бірінші
семинар осы жылдың сәуір айында өтті
және ҚБТУ Халықаралық экономика
мектебінің профессоры, экономика бойынша
Ph.D Алишер Алдашев спикер болған
«Квази-эксперименттік зерттеулердің
әдіснамасы мен дизайны» тақырыбына
арналды .
Мұндай
ғылыми семинарларды өткізу Институттың
зерттеу әлеуетін дамыту үшін маңызды.
Олар қызметкерлерге ғылыми зерттеулердің
озық халықаралық тәсілдері мен заманауи
әдістерімен танысып қана қоймай, олардың
өз жұмысында практикалық қолданылуын
игеруге мүмкіндік береді. Осындай
іс-шара талдамалық және ғылыми
зерттеулердің сапасын арттыруға,
қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін
дамытуға және үздік зерттеу тәжірибелерін
енгізуге ықпал етеді.
Экономикалық
зерттеулер институты ғылыми сараптаманы
нығайтуға және талдамалық пен ғылыми
материалдарды дайындау кезінде заманауи
зерттеу құралдарын қолдануға бағытталған
ғылыми семинарлар мен сараптамалық
пікірталастарды ұйымдастыра отырып,
жұмыстың осы бағытын одан әрі дамытуға
ниетті.
