ТДМ-ға бірыңғай көзқарас: Қазақстан мен БҰҰ сарапшылары прогресті бағалау әдістемелерін талқылады

05.06.2026

Кеше БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестіруші кеңсесі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлеріне БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Талқылау Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі прогресті бағалау тәсілдеріне және халықаралық әдіснамалар мен интерпретацияларды үйлестірудің маңыздылығына арналды. Кездесудің модераторы – БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Кеңсесінің экономисі Марат Шашкенов. АТМЭӘК Статистикалық бөлімінің статистикалық деректерді басқару бөлімшесінің басшысы Арман Бидарбахтниа және АТМЭӘК Статистикалық бөлімінің статистигі Даян Шаяни ТДМ іске асырудағы прогресті өлшеу бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жасады. Орталық Азия елдерін қоса алғанда, Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдері үшін қолданылатын АТМЭӘК әдістемесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында бағалау нәтижелеріндегі айырмашылықтар көбінесе әдіснамалық тәсілдермен ғана емес, сонымен қатар ТДМ негізгі ұғымдарының әртүрлі түсіндірмелерімен де байланысты екендігі атап өтілді. Тұжырымдамалық үйлестіру және біртұтас түсінік – ТДМ бойынша прогресті бағалау тәсілдерін сәтті үйлестірудің маңызды алғышарттары.

Кездесу халықаралық тәжірибелер бойынша пікір алмасуға және БҰҰ серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.




Қарау саны: 51
Сақталған: 06.06.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!