2026 жылғы 11 маусымда Ханчжоу қаласында (ҚХР) Чжэцзян қаржы және экономика университетінде Чжэцзян өңірлік және елдік зерттеулер қоғамы ұйымдастырған «Цифрлық және жасыл экономика саласындағы қытай-қазақстан ынтымақтастығы» семинары өтті.
Іс-шара
екі елдің жетекші талдау орталықтарының,
ғылыми-зерттеу институттарының,
университеттерінің және іскерлік топтар
өкілдерінің басын қосты. Қытай тарапынан
семинар жұмысына Қытай қоғамдық ғылымдар
академиясының, Чжэцзян қаржы және
экономика университетінің, сондай-ақ
сыртқы сауда, почта-телекоммуникациялық
қызметтер және цифрлық шешімдер
саласындағы ірі корпорациялардың
өкілдері қатысты.
Қазақстан
тарапынан ҚР Президенті жанындағы
Қазақстандық стратегиялық зерттеулер
институты, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің
Философия, саясаттану және дінтану
институты, сондай-ақ ЖИ және цифрлық
экономика саласындағы ғылыми-білім
беру орталықтары қатысты.
Қазақстандық
делегация құрамына «Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ Басқарма
төрағасы Біржан Баткеев қатысып, «Цифрлық
трансформация және жаһандық энергетикалық
ауысу жағдайында қазақстан-қытай
ынтымақтастығын дамыту» тақырыбында
баяндама жасады.
Ол
цифрлық инфрақұрылым, көлік-логистикалық
технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық
және білікті кадрлар даярлау саласындағы
бірлескен жобаларды іске асыру
перспективаларын атап өтті.
Бірлескен
зерттеу бастамалары мен сараптамалық
өзара іс-қимылды іске асыруды қоса
алғанда, ғылыми-зерттеу және білім беру
ынтымақтастығын дамыту перспективаларына
ерекше назар аударылды.
Семинар
қорытындысы бойынша тараптар инновациялық
және тұрақты даму саласындағы бірлескен
бастамаларды іске асырудың жоғары
әлеуетін атап өтіп, Қазақстан мен Қытай
арасындағы әріптестікті одан әрі
нығайтуға мүдделілігін растады.

