Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының III Форумы

16.06.2026

2026 жылғы 12 маусымда Бейжің қаласында (ҚХР) Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты (ҚҚҒА РШЕОАИ) және және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастырған Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының III Форумы өтті.

Іс-шара екі ел үшін ғана емес, бүкіл Еуразия өңірі үшін стратегиялық маңызы бар мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Қазақстан атынан ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі – Институт), сондай-ақ Астана халықаралық университеті және Almaty Management University қатысты.

Қазақстандық делегация құрамында Институттың Басқарма төрағасы Б. Баткеев қатысып, «Әлемдік экономиканың жаһандық трансформациясы жағдайындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы» баяндама жасады.

Б.Баткеев өз баяндамасында екі ел арасындағы қатынастар саяси сенімнің жоғары деңгейіне және жаңадан ратификацияланған инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы Келісімді қоса алғанда, ауқымды құқықтық базаға сүйенетінін атап өтті.

Қытай әлі де Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі: 2025 жылы екіжақты сауда көлемі 34,1 млрд АҚШ долларға жетіп, 13%-тен астам өсті.

Қазір Қытай капиталының қатысуымен 250-ге жуық жоба іске асырылып жатыр. 

Бұл ретте жаңа жобалардың басым бөлігі қайта өңдеу, өнеркәсіптік өндіріс, агроөнеркәсіптік кешен және энергетика салаларына тиесілі.

Баяндамада көлік-логистикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Б. Баткеев бүгін транзиттік жол ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа өндірістік, логистикалық және инвестициялық жобаларды қалыптастыру үшін негіз ретінде қарастырылатын Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліздің) өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтары арасындағы практикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, сауданы, инвестициялық ынтымақтастықты, көлік байланысын және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту Еуразия өңірінің ұзақ мерзімді экономикалық орнықтылығының негізін қалыптастыратынына тоқталып кетті.



Қарау саны: 41
Сақталған: 16.06.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!