2022-2025 жылдары Қостанай облысы бюджетінің әлеуметтік салаға шығындары жиынтық бюджеттік шығындардың орта есеппен 49,1%-ке тең. Қарастырылып отырған кезеңде олардың көлемі 2022 жылғы 206,4 млрд теңгеден (барлық шығындардың 49,0%) 2025 жылы 318,9 млрд теңгеге (барлық шығындардың 49,7%) дейін і 1,5 есе ұлғайды.
Аталған
кезеңдегі әлеуметтік шығыстардың
негізгі бағыты - әлеуметтік сала
қаражатының 73,1%-і тиесілі білім беру
саласы. Осы саланы қаржыландыру көлемі
2022 жылғы 153,2 млрд теңгеден (әлеуметтік
шығыстардың 74,2%) 2025 жылы 229,0 млрд теңгеге
(әлеуметтік шығыстардың 71,8%) дейін 1,5
есе ұлғайды. Қарастырылып отырған
кезеңде білім беру саласында жаңа
мектептер мен балабақшалар енгізілді,
сондай-ақ инфрақұрылым мен оқу жағдайларын
жаңарта отырып, 81 мектепке ауқымды
жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен
қатар, оқу процесін STEM (science, technology,
engineering and mathematics – жаратылыстану ғылымдары,
технология, инженерия және математика)
және робототехниканы қоса алғанда,
заманауи пәндік кабинеттермен жарақтандыру
жүзеге асырылды.
Мәдениетті,
спортты, туризмді және ақпараттық
кеңістікті дамытуға орта есеппен
әлеуметтік шығындардың 11,4%-і бөлінді.
2022-2025 жылдары қаржыландыру 21,9 млрд
теңгеден (әлеуметтік шығыстардың 10,6%)
42,1 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
13,2%) дейін 1,9 есе ұлғайды. Талданып
отырған кезеңде мәдениет саласында
кемінде 15 нысанға жөндеу жүргізіліп, 3
жаңа нысан салынды. Спорт саласында
кемінде 13 нысан іске қосылды, 5 нысан
реконструкцияланды, сондай-ақ халықты
кеңінен қамтитын бұқаралық спорт
бағдарламалары іске асырылып жатыр.
Әлеуметтік
көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға
жұмсалған шығыстар әлеуметтік сала
бюджетінің 10,0%-ін қамтиды. Талданып
отырған кезеңде олардың көлемі 2022 жылғы
21,4 млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардың
10,4%) 2025 жылы 30,9 млрд теңгеге (әлеуметтік
шығыстардың 9,7%) дейін 1,4 есе ұлғайды.
Денсаулық
сақтауға әлеуметтік шығындардың 5,5%-ке
тең ең аз үлесі тиесілі. 2022-2025 жылдары
осы саланы қаржыландыру көлемі 10,0 млрд
теңгеден (әлеуметтік шығыстардың 4,8%)
16,9 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
5,3%) дейін 1,7 есе өсті. Талданып отырған
кезеңде денсаулық сақтау саласында
30-дан астам нысанға жөндеу жүргізілді,
алғашқы медициналық-санитарлық көмек
инфрақұрылымы дамыды және мобильді
кешендерді қоса алғанда, заманауи
жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ
медициналық кадрлардың, оның ішінде
шетелде біліктілігін арттыру шаралары
іске асырылды.
Жалпы,
Қостанай облысында әлеуметтік саланың
барлық негізгі бағыттарын қаржыландырудың
тұрақты өсуімен және халық үшін базалық
қызметтердің қолжетімділігін кеңейту
кезінде қолданыстағы инфрақұрылымды
жаңғыртумен бюджеттік шығыстардың
әлеуметтік бағдарланған құрылымы
сақталған.
