Экономикалық зерттеулер институты бизнесті жауапты жүргізу және халықаралық тұрақты даму стандарттарын таныстыру мәселелеріне арналған БҰҰ Даму Бағдарламасы (UNDP) ұйымдастырған конференцияға қатысты.
Іс-шара
барысында бизнесті жауапты жүргізудің
заманауи тәсілдері, тұрақты экономикалық
дамуды қамтамасыз етудегі мемлекет пен
бизнестің рөлі, сондай-ақ корпоративтік
жауапкершілік қағидаттарын енгізудің
халықаралық тәжірибесі талқыланды.
Экономикалық
зерттеулер институтында хатшылығы
жұмыс істейтін бизнесті жауапты жүргізу
жөніндегі Ұлттық байланыс орталығының
басшысы А.С. Базарбаев өз сөзінде
ҰБО-ның ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға
арналған Басшылық қағидаттарын таныстыру
және диалог арқылы компаниялар мен
мүдделі тараптар арасындағы дауларды
реттеу жөніндегі мемлекеттік соттан
тыс тетік ретіндегі қызметі туралы
айтып берді.
Еліміздің
инвестициялық тартымдылығын арттыруға,
халықаралық серіктестер тарапынан
сенімді нығайтуға және тұрақты іскерлік
ортаны дамытуға ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік, экологиялық және басқару
стандарттарын сақтау мәселелері жаһандық
экономика жағдайында компаниялардың
бәсекеге қабілеттілігінің маңызды
факторына айналып отырғаны атап өтілді.
Конференцияға
қатысушылар Қазақстанда жауапты бизнес
жүргізу практикасын одан әрі дамыту,
мемлекеттік органдар, бизнес және
азаматтық қоғам арасындағы өзара
іс-қимылды нығайту, сондай-ақ осы салада
халықаралық стандарттар туралы
хабардарлықты арттыру перспективаларын
талқылады.
Экономикалық
зерттеулер институты тұрақты даму,
бизнесті жауапты жүргізу және Қазақстанның
институционалдық ортасын жетілдіру
мәселелерін талдамалық және сараптамалық
сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жалғастырады.
