ТДМ хатшылығы Түркіменстанның ЕҰШ дайындау бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты

19.06.2026

Түрікменстан Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) ұсынуға дайындалуда. Осы аптада Ашхабадта гибридті форматта Түрікменстанның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуын (ЕҰШ) дайындауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Үкімет өкілдері, БҰҰ агенттіктері мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар шақырылды.

Кездесуді аша отырып, БҰҰ-ның Түрікменстандағы Тұрақты үйлестірушісі үшінші ЕҰШ-ты дайындау процесінің басталуын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін ілгерілетудегі негізгі кезең ретінде атап өтті.

«Біз Түрікменстан Үкіметінің келесі жылы Жоғары деңгейдегі саяси форумда өзінің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсыну туралы шешімін құптаймыз. Бұл шолуда Тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты бойынша қол жеткізілген ілгерілеу қамтылады. Бұл елдің 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне, сондай-ақ ашықтық пен есептілік қағидаттарына берік адалдығын көрсетеді», — деп мәлімдеді БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі.

Түрікменстанның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібіне қол жеткізуде жоғары нәтижелер көрсететін 2019 және 2023 жылдары Ерікті ұлттық шолулар жүргізуде елеулі тәжірибесі бар. Қатысушылар үшінші Ерікті ұлттық шолу жетістіктерді зерделеудің, қалған проблемаларды бағалаудың және Мақсаттарға қол жеткізудегі ілгерілеуді жеделдету үшін басымдықтарды айқындаудың маңызды мүмкіндігі болып табылатынын атап өтті.

Түрікменстан Үкіметі Ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша басқа елдердің тәжірибесін зерделеуге ерекше мән береді. Осылайша, дөңгелек үстел ұйымдастырушының шақыруымен Экономикалық зерттеулер институтының ТДМ жөніндегі хатшылығының директоры Хамбар Бақытгүл қатысты. Ол Қазақстанның Ерікті ұлттық шолуды дайындау тәжірибесімен таныстырды.

ТДМ жөніндегі хатшылық директоры Қазақстанның алғашқы Ерікті ұлттық шолуы ТДМ-ды институционализациялауға және тұрақты дамуды басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Екінші Ерікті ұлттық шолу аясында қаржыландыруға, ТДМ-ды мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялауға және шолуды дайындау процесінің инклюзивтілігіне баса назар аударылды.

Б.Хамбардың айтуынша, Қазақстан Үкіметі үшінші Ерікті ұлттық шолу аясында ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыруға және «Ешкімді артта қалдырмау» қағидатын жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның «ешкімді артта қалдырмау» қағидаты негізінде жастар мен балаларды Ерікті ұлттық шолуды дайындау процесіне тарту тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ талқылаулар барысында жоғары сапалы, уақтылы және бөлшектелген деректердің нақты деректерге негізделген саясатты әзірлеу және ТДМ-ды тиімді іске асыру үшін негіз ретінде аса маңызды рөлі атап өтілді.

Қатысушылар мониторинг жүргізуді, есептілікті қамтамасыз етуді және негізделген шешімдер қабылдауды қолдау үшін ұлттық статистикалық жүйелер мен талдау әлеуетін одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.




Қарау саны: 25
Сақталған: 19.06.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!