Институтта реттеушілік әсерді талдауды қолдану практикасы бойынша семинар өтті

26.06.2026

Кеше Институтта нормативтік жұмысқа тартылған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін реттеушілік әсерді талдауды (РӘТ) қолдану практикасы бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарға 10 өңір (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары), сондай-ақ Астана қаласы әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты.

Институт тұрақты негізде онлайн және офлайн форматта интерактивті дәрістер мен практикалық сабақтар түрінде РӘТ бойынша семинар өткізеді. Семинардың мақсаты-мемлекеттік қызметшілерді норма шығару процесінде РӘТ рәсімін практикалық қолдануға үйрету.

Семинарда кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері, реттеушілік әсерді талдаудың заңнамалық негіздері, Қазақстанда РӘТ институтының қалыптасу және даму кезеңдері, РӘТ талдамалық нысанының құрылымы, сондай-ақ өңірлік деңгейде РӘТ рәсімін өткізу тәртібі қаралды.

Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша практикалық кейстер қаралды:

  • никотинді тұтынудың электрондық жүйелерінің, оған арналған хош иістендіргіштер және сұйықтықтар айналымына тыйым салуды енгізу;

  • риэлторлық қызметтің реттелуін енгізу;

  • сыра мен сыра сусындарының сәйкестендіру құралдарымен таңбалануын және қадағалануын енгізу;

  • коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды қайта қарау шеңберінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу;

  • ұйымдарды энергетикалық сараптаманы жүзеге асыруға лицензиялауды енгізу;

  • детективтік қызметті лицензиялауды енгізу.

Семинарды РӘТ бойынша сертификатталған жаттықтырушы, экономика ғылымдарының кандидаты, Сараптама орталығы директорының орынбасары Айгүл Әсенова және Сараптама орталығының жетекші сарапшысы Ақмоншак Қалиева дайындап, өткізді.




Қарау саны: 32
Сақталған: 26.06.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!