Институт қызметкерлері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің Алғыс хатымен марапатталды

01.07.2026

Өткен аптада аталып өткен БАҚ қызметкері күніне орай Экономикалық зерттеулер институтының бірқатар қызметкері мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыруға, қоғамда болып жатқан маңызды әлеуметтік-экономикалық  тақырыптарды халыққа қарапайым тілмен әрі кәсіби түрде түсіндіріп, ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Алғыс хатымен марапатталды.


Марапатқа Институт Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Тәутенов, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың директоры Бақытгүл Қамбар, сондай-ақ Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры Нұрболат Құрметұлы ие болды.

Бұл марапат – әріптестеріміздің біліктілігіне, жауапкершілігіне және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бастамаларды ақпараттық және сараптамалық тұрғыдан ілгерілетуге қосқан үлесінің жоғары бағасы.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, толағай табыс пен кәсіби белестерді бағындыруына тілектеспіз!


Қарау саны: 53
Сақталған: 01.07.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!