2026 жылдың маусымында елдегі тұтынушылық инфляция:
- 2025 жылғы маусымға қарағанда 10,3% (өткен айда 10,4%);
- 2026 жылғы мамырға қатысты 0,8% (өткен айда 0,7%).
Жылдық
мәндегі инфляция кейінгі
алты айда айтарлықтай баяулады:
2026 жылдың қаңтарындағы 12,2%-тен 2026 жылдың
маусымында 10,3%-ке дейін, бұл экономикадағы
инфляциялық қысымның жалпы әлсіреуін
көрсетеді.
Ең
айқын дезинфляциялық
серпін
ақылы қызметтер сегментінде байқалды,
онда бағаның жылдық өсуі қарастырылып
отырған кезеңде 12,0%-тен 9,0%-ке дейін 3,0
п.т-ға төмендеді. Азық-түлік тауарлары
сегментінде инфляция да 2026 жылдың
қаңтарыңдағы 12,9%-тен 2026 жылғы маусымда
10,4%-ке дейін 2,5 п.т-ға баяулады.
Сонымен
қатар, азық-түлік емес тауарлар бағасының
серпіні біркелкі емес: кезең ішінде
ауытқулар байқалды, бірақ өсу қарқыны
жалпы алғанда 2026 жылдың қаңтар айындағы
деңгейде сақталды.
Энергетикалық дағдарысқа байланысты энергия бағасының өсуі тарапынан қысымның сақталуына қарамастан,
инфляция төмендеу үрдісін
көрсетеді, бұл инфляциялық процестердің
ұстамды сипатын байқатады.
Осыған
байланысты Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі іске
асыратын 2025-2026 жылдарға арналған инфляция
деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі
шаралар кешені Ұлттық Банк жүргізетін
қатаң ақша-кредит саясатымен ұштастыра
отырып, инфляциялық қысымды тежеуге
ықпал етеді.
Іске
асырылатын шаралар кешені көлік-логистика
саласын, металлургия және химия
өнеркәсібін, сондай-ақ тұтыну тауарларын
өндіруді қоса алғанда, экономиканың
басым секторларын қамтиды. Маңызды
фактор – инвестициялық жобаларды
қолдауға және ішкі өндірісті дамытуды
ынталандыруға бағытталған «Бәйтерек»
холдингі арқылы қаржыландыру көлемін
кеңейту (шамамен 8 трлн теңге).
Жиынтығында
аталған шаралар өндірістік қуатты
ұлғайту және ішкі нарықтың қанықтылығын
арттыру есебінен қосымша дезинфляциялық
әсерлерді қалыптастырады, бұл соңғы
айларда инфляциялық процестердің
біртіндеп баяулауынан көрінеді.
Кабылханова Дана
Экономикалық зерттеулер институтының Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының аға сарапшысы
