2022-2025 жылдары Қызылорда облысы бюджетінің әлеуметтік салаға шығындары орта есеппен 62,3%-ке жетті. Аталған кезеңде олардың көлемі 2022 жылғы 275,0 млрд теңгеден 2025 жылы 459,4 млрд теңгеге дейін 1,7 есе ұлғайды.
Көрсетілген
кезеңде әлеуметтік сала құрылымындағы
шығындардың ең жоғары үлесіне білім
беру саласы ие – орта есеппен 74,3%. Бұл
ретте оның қаржыландыру көлемі 2022 жылғы
216,9 млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардан
78,9%) 2025 жылы 324,2 млрд теңгеге (әлеуметтік
шығыстардан 70,6%) дейін 49,5%-ке ұлғайды.
Қарастырылып отырған кезеңде 103 мектепті
жаңғырту және 19 мектепті күрделі жөндеу
жүргізілді, 20 мектеп пен қосымша
құрылыстар салынды және іске қосылды,
сондай-ақ 157 пәндік кабинет сатып алынды.
Әлеуметтік
көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға
әлеуметтік сала шығындарының 10,8% тиесілі.
2022-2025 жылдар ішінде шығындар көлемі
30,9 млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардың
11,2%) 45,9 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
10,0%) дейін 48,9%-ке ұлғайды.
Мәдениетті,
спортты, туризмді және ақпараттық
кеңістікті дамыту саласына әлеуметтік
шығындардың 9,7% тиесілі. 2022-2025 жылдары
осы бағытты қаржыландыру 19,4 млрд теңгеден
(әлеуметтік шығыстардың 7,0%) 53,7 млрд
теңгеге (әлеуметтік шығыстардың 11,7%)
дейін 2,8 есе ұлғайды. Қарастырылып
отырған кезеңде 12 мәдениет нысаны
салынды, 46 нысан жөнделді, сондай-ақ 10
спорт нысаны пайдалануға берілді, бұл
өңірдің мәдени және спорттық
инфрақұрылымының дамуын көрсетеді.
Денсаулық
сақтауға барлық әлеуметтік шығындардың
орта есеппен 5,2% тиесілі. 2022-2025 жылдары
оның қаржыландыру көлемі 7,9 млрд теңгеден
(әлеуметтік шығыстардың 2,9%) 35,6 млрд
теңгеге (әлеуметтік шығыстардың 7,7%)
дейін 4,5 есе ұлғайды. Осы кезеңде 66
денсаулық сақтау нысаны іске қосылды,
12 мекеме жаңғыртылды, заманауи медициналық
жабдықтар сатып алынды және 6 жылжымалы
медициналық кешен ашылды, бұл медициналық
қызметтердің қолжетімділігін арттыруды
қамтамасыз етті.
Жалпы,
Қызылорда облысында бюджет шығыстарының
айқын әлеуметтік бағдарланған моделі
байқалады. Бұл ретте шығыстардың құрылымы
білім берудің үстемдігімен және
әлеуметтік инфрақұрылымды белсенді
жаңғыртумен сипатталады, бұл базалық
қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін
арттырудың басымдығын көрсетеді.
