Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегі бойынша 2026 жылдың І-тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 252,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ке ұлғайды.
Нақты
мәнде жан басына шаққандағы орташа
ақшалай кірістер индексі 2025 жылдың
I-тоқсанының деңгейіне қатысты 100,1%-ке
жетті, бұл 2025 жылдың екінші жартысында
төмендеу кезеңінен кейін жан басына
шаққандағы орташа ақшалай кірістердің
сатып алу қабілетінің тұрақтану
белгілерінің қалыптасуын көрсетуі
мүмкін.
Елдің
жекелеген өңірлерінде жан басына
шаққандағы орташа ақшалай табыстың оң
серпіні байқалды. Ең жоғары өсу қарқыны
Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және
Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы
қаласында тіркелді. Бұл өңірлер арасындағы
серпіннің біркелкі болмауына қарамастан,
өңірлік деңгейде өсу нүктелерінің
сақталуын көрсетеді.
Халықтың
нақты табыстарының серпініне қолдау
көрсетуге қабілетті қосымша фактор –
жылдық инфляцияның жалғасып жатқан
баяулауы. Инфляциялық қысымның әлсіреуі
ақшалай кірістердің сатып алу қабілетін
сақтауға ықпал етеді және қазіргі
макроэкономикалық үрдістерді сақтай
отырып, жан басына шаққандағы нақты
ақшалай кірістердің серпінін одан әрі
жақсарту үшін жағдай жасайды.
Жарияланған
деректер алдын ала болып табылады және
одан әрі бақылауды қажет етеді. Халықтың
жан басына шаққандағы орташа ақшалай
табысының кейінгі серпіні инфляциялық
қысымның одан әрі төмендеуіне, еңбек
нарығындағы жағдайға, сондай-ақ үй
шаруашылықтарының ақшалай табыстарының
негізгі көздерінің даму серпініне
байланысты болады.