Өңір тынысы: Абай облысы

14.07.2026

Абай облысы 2022 жылғы 8 маусымда құрылды. Облыстың әкімшілік орталығы – Семей қаласы.

Өңір Қазақстан аумағының шамамен 6,8%-ін алып жатыр. Шығыста облыс Шығыс Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Жетісу облысымен, батысында Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Павлодар облысымен шекаралас. Солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен мемлекеттік шекара өтеді.

Облыстың негізгі бәсекелес артықшылықтары – шекара маңындағы қолайлы жағдай, дамыған көлік байланыстары және бай минералды шикізат базасы.

Облыс аумағында «Бақты», «Ауыл», «Жезкент», «Қоянбай» және басқа да өткізу пункттері жұмыс істейді. Өңір арқылы маңызды автомобиль және теміржол бағдарлары өтеді, сыртқы сауданы, қойма инфрақұрылымын, көлік қызметтерін және халықаралық логистиканы дамыту үшін жағдай жасалған.

Өңірдің елеулі өнеркәсіптік әлеуетін алтын, уран, көмір және мыс кен орындары, сондай-ақ цемент, кірпіш және шыны өндіруге арналған шикізат қорлары қалыптастырады.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс халқының саны 593 892 адам, оның 374 325-і қалаларда тұрады. Урбанизация деңгейі – 63%.

Өңір халқының саны 2021 жылғы 639,5 мың адамнан 2026 жылғы мамырға қарай 593,9 мың адамға дейін азайды. Азаюдың негізгі себебі – тұрақты көші-қон ағыны. 2025 жылы кеткендер саны келгендер санынан 9,9 мыңға асып түсті.

2026 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 405 мың теңгеге жетті. Халықтың атаулы ақшалай табысы 2021 жылы 123,8 мың теңгеден 2025 жылдың соңында 219,3 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Облыс экономикасы индустриялық-аграрлық мамандандырылған. Жалпы өңірлік өнімнің 45%-ке жуығы тау-кен өндірісі жетекші рөлге ие өнеркәсіп саласында қалыптасады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,7 трлн теңгеден асты.

Өндеу өнеркәсібінің басымдығына қарамастан, облыс қайта өңдеу өндірістерін дамыту әлеуетіне ие. Абай облысы бұрынна ет, жүн, былғары және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу орталықтарының бірі болған. Осы бағыттарды қалпына келтіру және одан әрі дамыту өңдеу өнеркәсібін кеңейтуге және дайын өнім шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Облыста айтарлықтай инвестициялық портфель қалыптасты. Ірі жобалардың қатарында – құны 588 млрд теңгеге жуық жаңа мыс балқыту зауытын және Аягөз ауданында құны 560 млрд теңгеден астам тау-кен байыту комбинатын салу.

Келешекте қуаты жылына 100 мың тонна катодты мыс өндіру кешенінің, көмір химия зауытының, жел электр станцияларының, ферроқорытпа және ағаш өңдеу кәсіпорындарының құрылысын қоса алғанда, бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.

Перспективалы бағыттардың бірі – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Өңірде құны 32,8 млрд теңгеге шошқа етін өндіру бойынша тігінен интеграцияланған кешен құру жобасы іске асырылып жатыр.

Абай облысының айтарлықтай табиғи және туристік әлеуеті бар. Өңір аумағында Алакөл және Шошқалы көлдері, Шүлбі су қоймасының жағалауы және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты орналасқан.

Облыстың табиғи жағдайлары жағажай, экологиялық және белсенді туризмді дамытуға мүмкіндік туғызады. Семей өлкесінің тарихымен, Абай, Шәкәрім және басқа да көрнекті қайраткерлердің мұрасымен байланысты мәдени-танымдық бағыт ерекше маңызға ие.

Бар әлеуетті ескере отырып, Абай облысы елдің ірі өнеркәсіптік және аграрлық орталықтарының біріне, сондай-ақ Қазақстанның шығысындағы көлік-логистикалық жүйенің маңызды буынына айналуы мүмкін. Өңір мамандануының перспективалы бағыттары – металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі және ауыл шаруашылығы. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру және қосылған құны жоғары өнім үлесін ұлғайту облыс экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және оның Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға мүмкіндік береді.


Әйгерім Аманжолова




Қарау саны: 59
Сақталған: 14.07.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!