2022-2025 жылдары Павлодар облысының әлеуметтік салаға шығындары 221,1 млрд теңгеден 330,4 млрд теңгеге дейін 49,4%-ке ұлғайды. Қарастырылып отырған кезеңде әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындардың орташа үлесі өңірдің жалпы шығындарының 51,4%-не тең.
Әлеуметтік
салаға жұмсалған барлық шығындардың
орта есеппен 71,7%-і білім беру саласына
бөлінді. 2022-2025 жылдары осы бағыт бойынша
шығындар 164,6 млрд теңгеден (әлеуметтік
шығыстардың 74,5%) 234,7 млрд теңгеге
(әлеуметтік шығыстардың 71,0%) дейін
42,5%-ке өсті. Қарастырылып отырған кезеңде
күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын
қоса алғанда, 118 мектепке жаңғырту
жүргізілді, 4 мектеп пен қосымша ғимарат
салынды, сондай-ақ 52 мектеп пәндік
кабинеттермен жабдықталды.
Әлеуметтік
көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға
жұмсалған шығындар әлеуметтік салаға
жұмсалған шығындардың орта есеппен
12,1%-не тең. 2022 жылы қаржыландыру көлемі
25,8 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
11,7%), ал 2025 жылы 41,0 млрд теңгеге (әлеуметтік
шығыстардың 12,4%) жетіп, 58,9%-ке ұлғайды.
Талданатын
кезеңде мәдениетті, спортты, туризмді
және ақпараттық кеңістікті дамытуға
1,8 есе өсіммен 2022 жылы 21,7 млрд теңге
(әлеуметтік шығыстардың 9,8%) және 2025 жылы
38,0 млрд теңге (әлеуметтік шығыстардың
11,5%) мөлшерінде әлеуметтік салаға
жұмсалған шығындардың орта есеппен
10,5%-і бөлінді. 2022-2025 жылдары 47 мәдениет
объектісіне күрделі және ағымдағы
жөндеу жүргізілді, сондай-ақ жаңа
мекемелер (мәдениет үйлері, демалыс
орталықтары, мұражай объектілері)
салынды. Дене шынықтыру-сауықтыру
кешендерін, спорт залдары мен алаңдарды
қоса алғанда, 200-ден астам спорт нысаны
салынды және пайдалануға берілді,
сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту
бойынша жобалар (көше тренажерлері,
алаңдар) іске асырылды.
2022-2025
жылдары әлеуметтік шығыстар құрылымындағы
5,6%-тік ең аз үлес денсаулық сақтау
саласына тиесілі. Бұл ретте осы бағыт
бойынша қаржыландыру көлемі 2022 жылғы
9,0 млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардың
4,1%) 2025 жылы 16,7 млрд теңгеге (әлеуметтік
шығыстардың 5,0%) дейін 1,9 есе ұлғайтылды.
Қарастырылып отырған кезеңде 47 денсаулық
сақтау нысаны салынды және пайдалануға
берілді, 46 ағымдағы және күрделі жөндеу
жүргізілді, материалдық-техникалық
база белсенді жаңартылды және медициналық
кадрларды даярлау жүзеге асырылды.
Жалпы,
Павлодар облысында барлық негізгі
бағыттарды, ең алдымен басым сегмент
ретінде білім беру саласын қаржыландырудың
тұрақты өсуімен бюджеттік шығыстардың
әлеуметтік бағдарланған құрылымы
сақталған. Сонымен қатар, әлеуметтік
инфрақұрылымды кешенді жаңғырту және
денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдаудың
рөлін біртіндеп күшейте отырып,
қызметтердің қолжетімділігін кеңейту
байқалып, өңірдің әлеуметтік саласының
теңгерімді дамуын көрсетеді.
