Бизнеске қойылатын жаңа талаптардың салдарларын қалай бағалауға болады: Институтта РӘТ бойынша семинар өтті

16.07.2026

Бүгін Институтта реттеушілік әсерді талдауды қолдану тәжірибесі бойынша семинар өткізілді.

Семинарға 10 мемлекеттік органның (Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Экология және табиғи ресурстар, Сауда және интеграция, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Әділет, Ішкі істер және т.б. министрліктері) 30-дан астам қызметкері қатысты.

Институт сарапшылары жыл сайын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің институционалдық жүйесі, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу құралдары, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша тақырыптарды қоса алғанда, РӘТ бойынша семинарлар өткізеді.

Жеке блокта халықаралық деңгейде РӘТ енгізу, Қазақстанда РӘТ институтының қалыптасуы мен дамуы, оның ішінде РӘТ құрылымының құрамдас бөліктері, орталық және өңірлік деңгейлерде РӘТ рәсімін жүргізу тәртібі, РӘТ талдамалық нысанының әрбір қадамын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, талдамалық нысанды толтыру, сондай-ақ практикалық кейстерді қарау және талқылау мәселелері қаралады.

Семинарды өткізу кезінде келесі РӘТ-ға ерекше назар аударылады:

  • жаңа реттеу құралдарын енгізу және реттеуді қатаңдату кезіндегі РӘТ
  • қайта қарау тәртібімен РӘТ
  • балама тәртібіндегі РӘТ (балама РӘТ)
  • міндетті талаптар тізіліміне енгізілген қолданыстағы реттеуші актілерге талдау жүргізу кезіндегі РӘТ

Семинардың мақсаты - мемлекеттік қызметшілерді норма шығару процесінде РӘТ рәсімін практикалық қолдануға үйрету.

Семинарды РӘТ бойынша сертификатталған жаттықтырушы Айгүл Ербатырқызы Асенова (э.ғ. к., Сараптама орталығы директорының орынбасары), Сараптама орталығының жетекші сарапшысы Қалиева Ақмоншак, Сараптама орталығының жетекші сарапшысы Шевцова Алена дайындап, өткізді.



Қарау саны: 42
Сақталған: 16.07.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!