Қытай елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 24%-ін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі мәртебесін сақтап отыр. Осы жылдың алғашқы бес айында тауар айналымы шамамен 13,5 млрд АҚШ долларына жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезең көрсеткішінен 13,3%-ке жоғары (11,9 млрд АҚШ доллары).
Оң
серпін Қазақстанның Қытайға экспортының
15,5%-ке
өсуімен (6,0
млрд АҚШ долларына дейін)
және Қытайдан импорттың
11,5%-ке
ұлғаюымен (7,5
млрд АҚШ долларына дейін) қамтамасыз
етілді.
Қытайға
қазақстандық экспорт құрылымында
тау-кен металлургия және отын-энергетика
кешенінің өнімдері басым. Негізгі
экспортталатын тауарлар:
- мыс
кендері мен концентраттары -
1,8 млрд АҚШ доллары (экспорттың
жалпы көлеміндегі үлесі-29,4%)
- тазартылған
мыс –
758,5 млн АҚШ доллары (12,6%)
- шикі
мұнай -
567,0 млн АҚШ доллары (9,4%)
- ферроқорытпалар
-
538,3 млн АҚШ доллары (8,9%)
- уран
-
359,2 млн АҚШ доллары (5,9%)
Қытайдан
негізінен дайын өнеркәсіптік өнімдер
импортталады. Негізгі
импортталатын тауарлар:
- телефон
аппараттары -
399,1 млн АҚШ доллары (импорттың
жалпы көлеміндегі үлесі-5,3%)
- автокөліктерге
арналған шанақ -
395,9 млн АҚШ доллары (5,3%)
- жеңіл
автокөліктер -
339,3 млн АҚШ доллары (4,5%)
- электр
генераторлық қондырғылар –
247,4 млн АҚШ доллары (3,3%)
- өзге
де теміржол локомотивтері -
237,8 млн АҚШ доллары (3,2%)
- автокөлік
пен тракторларға арналған бөлшектер
мен керек-жарақтар-228,6
млн АҚШ доллары (3,1%)
- есептегіш
машиналар -
216,3 млн АҚШ доллары (2,9%)
Сонымен
қатар, Қытай Қазақстанның ірі шетелдік
инвесторларының бірі. 2025 жылдың
қорытындысы бойынша Қытайдан тікелей
инвестициялар ағыны
2,4
есе
өсіп, 2,8
млрд АҚШ долларына жетті.
2015-2025 жылдары Қазақстан экономикасына
Қытай инвестицияларының көлемі 16,6
млрд АҚШ долларынан асты.
Екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2025 жылғы маусымда Қазақстанға сапары. Сапар қорытындысы бойынша тараптар энергетика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, электрондық коммерция, туризм, медицина, ғылым және өңіраралық өзара іс-қимылды қамтитын 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойды.
Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары Роман Склярдың
қатысуымен 2025 жылғы маусымда өткен
«Орталық
Азия-Қытай» индустриялық және инвестициялық
ынтымақтастықтың екінші форумы
шеңберінде де маңызды уағдаластықтарға
қол жеткізілді. Форум қорытындысы
бойынша Қазақстан мен қытайлық компаниялар
жалпы сомасы 24 млрд АҚШ долларынан
асатын 58 коммерциялық құжатқа қол қойды
.
Бірлескен
бастамалар энергетика, агроөнеркәсіптік
кешен, өңдеу, химия және тау-кен металлургия
өнеркәсібі, құрылыс материалдарын
өндіру, көлік, логистика және цифрлық
технологияларды қамтиды.
Қол
қойылған құжаттардың ішінде 2026 жылғы
мамырда ратификацияланған Инвестицияларды
қолдау және өзара қорғау туралы келісім,
сондай-ақ Техникалық және экономикалық
ынтымақтастық туралы келісім
ерекше маңызға ие. Бұл құжаттар
инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту
және бірлескен жобаларды іске асыру
үшін қосымша жағдай жасайды.
«Kazakh
Invest» ҰК» АҚ дерегі бойынша Қазақстанда
Қытайдың 250-ге
жуық инвестициялық жобасы
іске асырылып жатыр. Орталық Азияға
бағытталатын қытай инвестицияларының
60%-і Қазақстанға тиесілі. Алдағы 3-5 жылда
инвестицияның жалпы көлемін 100 млрд
долларға дейін жеткізу жоспарланып
отыр.
Бұдан
басқа, ҚР СЖжРА Ұлттық статистика
бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 1
шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда
CNPC, CITIC және Huawei сияқты ірі
компанияларды
қоса алғанда, қытай капиталының қатысуымен
8 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
Автокөлік өнеркәсібі саласындағы
ынтымақтастық белсенді дамып келеді:
елде HOWO, Yutong және JAC брендтері шығарылады,
ал 2025 жылы Changan, Great Wall Motor және Chery
мультибрендтік өндірісі іске қосылды.