2022-2025 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік салаға шығындары 173,1 млрд теңгеден 243,4 млрд теңгеге дейін 40,6%-ке ұлғайды. Қарастырылып отырған кезеңде әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындардың орташа үлесі өңірдің жалпы шығындарының 46,1%-не тең.
Солтүстік
Қазақстан облысы бюджетінің әлеуметтік
шығыстарының құрылымында 2022-2025 жылдары
71,2%-тік ең үлкен үлеске білім беру
шығындары ие. Бұл бағытты облыс бюджетінен
қаржыландыру 2022 жылғы 127,8 млрд теңгеден
(әлеуметтік шығыстардың 73,8%) 2025 жылы
166,5 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
68,4%) дейін 30,2%-ке ұлғайды. Талданып отырған
кезеңде 45 мектепке, сондай-ақ 4 балабақша
мен 5 колледжге күрделі жөндеу жүргізілді,
жаңа білім беру объектілері (мектеп
және бөбекжай) салынды, 61 пәндік кабинет
сатып алынды.
Облыс
бюджетінің барлық әлеуметтік шығыстарының
орта есеппен 11,9%–не ие мәдениет, спорт,
туризм және ақпараттық кеңістікке
жұмсалған шығындар 2022 жылғы 18,8 млрд
теңгеден (әлеуметтік шығыстардың
10,8%-і) 2025 жылы 32,4 млрд теңгеге (әлеуметтік
шығыстардың 13,3%-і) 72,6%-ке дейін өскенін
көрсетті. Осы кезеңде 7 мәдениет нысаны
салынды және қалпына келтірілді, 63
нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу
жүргізілді, сондай-ақ мекемелер
жабдықталды. Сондай-ақ дене
шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт
ғимараттарын қоса алғанда, 30 спорт
нысаны салынып, пайдалануға берілді,
бұқаралық спорттық іс-шаралар мен
жобалар іске асырылды. 5 туристік
инфрақұрылым нысаны (демалыс базалары,
қонақ үй кешендері) пайдалануға берілді.
Әлеуметтік
көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға
әлеуметтік салаға жұмсалатын барлық
шығындардың орта есеппен 10,5%-не тең
шығындар бағытталды. 2022-2025 жылдары олар
16,5 млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардың
9,5%) 26,0 млрд теңгеге (әлеуметтік шығыстардың
10,7%) дейін 1,6 есе ұлғайды.
2022-2025
жылдары ең аз 6,4% үлес денсаулық сақтау
шығындарына тиесілі. Олар 2022 жылғы 10,0
млрд теңгеден (әлеуметтік шығыстардың
5,8%) 2025 жылы 18,5 млрд теңгеге (әлеуметтік
шығыстардың 7,6%) дейін 1,8 есе өсті.
2022-2025 жылдары 39 медициналық-санитарлық
алғашқы көмек нысаны салынды, 39 күрделі
жөндеу жүргізілді, медициналық жабдық
пен көлік белсенді сатып алынды.
Жалпы,
Солтүстік Қазақстан облысында
қаржыландырудың тұрақты өсуімен және
білім берудің басым рөлімен бюджеттік
шығыстардың әлеуметтік бағдарланған
құрылымы сақталған. Денсаулық сақтау,
мәдениет және спортты қоса алғанда,
әлеуметтік инфрақұрылымның белсенді
жаңғыртылуы, сондай-ақ туристік базаның
кеңеюі байқалады, бұл әлеуметтік саланың
кешенді дамуын және халық үшін қызметтердің
қолжетімділігінің артуын көрсетеді.
